Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аустралиялық әйел туысқан інісіне өзінің 12 жасар қызын зорлауға көмектескен

 Бұл жайтты естіген австралиялықтар жағаларын ұстаған. 55 жастағы  Мельбурн тұрғыны өзінің туысқан інісмен төсектес болған. Арада  біраз уақыт өткеннен кейін туысқан інісіне әйел өзінің 12 жасар қызын зорлауға көмектескен.

 зорлағаннн

Қыз полицияға жауап берген кезінде бірінші күні жылап туысқан ағасынан олай істемеуді сұраған. Бірақ анасы  қызының аяғын ұстап тұрып, өзінің көңілдесіне көмектескен,-деп жазады  The Daily Mail басылымы.  Бұл оқиға 2011 жылы болған. Ол кезде қыздың жасы 12-де еді.

Әйел өз туысымен күйеуімен  ажырасқаннан кейін жақын қарым-қатынаста болған. Еркек оған қызымен бірге өз үйін паналауға рұқсатын беріп, олар бір үйде тұрып келген.  Қыздың ағасы оны 2014 жылға дейін қалағанынша зорлап келген. Қыздың айтуынша ағасы үйде ешкім жоқ кезде оны төсекке тартып отырған.

Қыз болған жайтты өз туыстарына айтып берген, осыдан кейін барып 42 жастағы еркек қамауға алынған.

Оған 16 жасқа толмаған қызды зорлады деген айып тағылды. Белгілі болғандай күдіктінің 17 жастағы қызы бар екен.

Зорланған қыздың анасы да сотта кінәлі деп танылды. Екі көңілдеске қатысты сот үкімі әлі шықпады.

 

Талқылау