Авиа тасымалдаушы соғыс кемесінде намазхана ашылмақ
«Адмирал Кузнецов» авиа тасымалдаушы соғыс кемесінде енді мұсылмандарға арналған арнайы намазхана ашылмақ.
Сурет: kollektsiya.ru
Бұл туралы muslim.kz хабарлайды.
Мурманск мұсылмандарының көсемі Раиль Биккиняевтың кемеге жасаған сапары барысында осы мәселенің шешімі табылды.
Қазіргі уақытта кеме экипажының 50-ге жуығы мұсылман дінін ұстанатындар көрінеді. Енді олар үшін кеме ішінде дәрет алуға ыңғайландырылған бөлме және қасиетті Қағбаны анықтап тұратын құрылғы орнатылған намазхана пайда болады.
Талқылау