“Ауырмайды жүректің” авторы ең танымал әртістермен дүркіретіп той өткізді (видео)
Қайрат Нұртасқа бірнеше “хит” жазып берген ақын Құрманай Бақтиярқызы қызын ұзатып, дүркіретіп той жасады.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Ханшайым арудың ұзатуына қазақ эстрадасының танымал әртістері қатысты. Олардың қатарында сазгер Марат Омаров, әнші Алтынай Жорабаева, Мөлдір Әуелбекова, Шахизада және Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова бар.
Гүлзира Үсенқызының айтуынша, той дастарханына арақ-шарап қойылмай, халал түрде өткен. Ал ішімдіктің орнына қымыз, қымыран ұсынылған.
Айта кететін жайт, Гүлзира Айдарбекованың ақын Құрманайға деген ықыласы ерекше. Бір сұхбатында Бақтиярқызы Алматыға келген сайын Айдарбековтердің үйінде қонақ болатынын айтқан еді.
Публикация от Gulzira Aidarbekova (@gulziraaidarbekova)
Той барысында қызды әсем әнімен Мөлдір Әуелбекова шығарып салды.
Әр отбасында осындай той болсын!
Публикация от Gulzira Aidarbekova (@gulziraaidarbekova)
Ал Қайрат Нұртас сүйікті авторының қуанышына ортақтаса алмағаны үшін кешірім сұрап, видео жолдады.
“Құрманай әпке, мен сізді қатты жақсы көремін. Бүгін жұмыстарым болып, келе алмай қалдым. Алла қаласа, алда той көп. Қуанышыңызға жарармыз. Той құтты болсын”, – деді Қайрат.
Жіберіп алмаңыз:
Балаларға іріктеу жасаған Сәкен Димашқа еліктейтін жастардың көбейгенін айтты (видео)
Асхат Садырбай экс-жұбайы Ерке Есмаханның әнін тыңдап жүр (видео)
Америкада жүрген Жанар Дұғалова атақты Николь Шерзингермен дуэт айта ма? (фото)
Мейрамбек Бесбаев «астарлы саясат» жүргізіп отырған «Гәкку» арнасының былығын әшкере қылды