Ауылдастары Қарақат Әбілдинаның мінезін марқұм енесіне ұқсатты (видео)
Қайын енесінің орнын басқан әже Қарақат пен Қыдырәліге ақ тілегін жаудырып, естеліктерін бөлісті.
Фото: instagram.com/karakat_a/?hl=ru
Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.
Күні кеше жұлдызды жұп Қарақаттың ауылына барып, әкесіне ас берген болатын. Әнші тіпті жолдасының қайын жұртқа қалай қызмет қылатынын да көрсеткен-ді. Бұл жолы екеуі Қыдырәлінің ауылына барды. Көптің марқұм ата-енесі туралы айтқан естелік әңгімелерін тыңдап, баталарын алып жатты. Қарақатты жақынырақ тани түскендері оның енесіне ұқсайтындығын айтқан.
“Қыдырдай азаматты дүниеге әкелген Ұлбосын анамыз 52 жасында дүниеден озған екен. Содан бері қаншама жылдың жүзі болды. Мен келін болып түскенде анамыздың орнын жоқтатпай үлкендік жолымен батасын беріп қарсы алған Кәкен анамыз бүгін жүрегі тебіреніп енем туралы көптеген естелік әңгімесін айтып берді. “Көз көрген” деген жақсы ғой, шіркін!
Ата-енемді көрмесем де, елдегі ағайын-туыс, жекжат-жұраттың жарыса айтқан әңгімелері мені үлкен әсерге бөледі. Бірі “қайын ененің топырағынан”, сен енеңе ұқсайсың десе, көбісі ол кісінің көркем, салмақты мінезін, аппақ, әдемі, өте ажарлы жақсы адам болғанын айтып жатты. Әруақтары бір аунап қалған болар. Бүгін елде болып бақилық болған ата-бабамыздың рухына құран бағыштап, оларды есімізге алған күн болды”, – дейді Қарақат Әбілдина.
Ал желі қолданушылары ниеттерінің қабыл болуын тілеп, түрлі пікір білдіріп жатты. “Қандай күшті! Қарттары бар үйдің қазынасы бар деген осы. Әжеміздің ғұмыры ұзақ болсын”, “Ниеттеріңіз қабыл болып, әжеміздің жасын берсін”, “Қазаққа Қыдырәлідей ұл сыйлаған ананың осал болуы мүмкін емес. Барлық дұға-тілектеріңіз қабыл болсын”, “Алланың берген күш-қуаты ғой. Анамыздың жүзінен нұр тамып тұр”, “Қарақат, саған осы әжеміздің жасын берсін” дейді желі қолданушылары.
Жіберіп алмаңыз:
Қарақат Қыдырәлінің қайын жұртқа қалай қызмет қылатынын көрсетті (фото)
Қыдырәліге ерекше сый жасағысы келген Қарақат жұрт алдында тоқал алып беруге уәде етті
Әріптестері Қарақаттың Қыдырәліге тоқал алып беруіне қатысты пікір білдірді