Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аутизмі бар балаларды "өлтіруге шақырған" блогер кешірім сұрады

Аутизмі бар балаларды

Видеодан скрин

Аутизмі бар балаларды өлтіруге шақырған алматылық блогер кешірім сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Блогер бұл сөздерді эмоцияға беріліп айтып қойғанын және жаман ойы болмағанын атап өтті.

"Instagram-да бір видеоны көріп қалып, өте ауыр пікір айтып қойдым. Бірақ мен  аутизмі бар балалардың ата-аналарының жүректеріне тиеді деген арам оймен айтпадым. Мен де эмоцияға беріліп, ашумен айтып қойдым. Барлығымыз бала асырап отырғандықтан, бала туралы айтылған сөз жүрекке батады екен.  Аутизмі бар балалардың ата-аналарынан кешірім сұраймын. Мен арам оймен айтқан жоқпын, ойланбай айттым. Әр ата-анаға баласының орны бөлек, ауру баланы ешкім сұрап алмайды. Сол үшін ренжімеңіздер", – делінген үндеуде.

Бұл жағдайға оқу-ағарту министрлігінің балалардың құқықтарын қорғау комитеті де пікір білдірді.

“Ведомство әрбір баланың өмір сүру және толыққанды даму құқығы бар екенін еске салды. Бұл құқықтар баланың жынысына, тіліне, дініне, этникалық немесе әлеуметтік тегіне, денсаулық жағдайына және оның өзіне, ата-анасына немесе заңды өкілдеріне байланысты кез келген өзге де жағдайларға қарамастан қолданылады. Баланың қорғауға құқығын жоққа шығаратын немесе зорлық-зомбылықты ақтайтын кез келген пікір айтуға жол берілмейді және ол заңға ғана емес, қоғамның адамгершілік қағидаттарына да қайшы келеді”, – делінген хабарламада.

Полиция оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. 

Еске салсақ, осыған дейін блогердің аутизмі бар балаларды өлтіруге шақырғаны туралы жазған болатынбыз.

"Аутистер тым көбейіп кетті, оларды емдеу керек, егер емделмесе, өлтіріп немесе арнайы аутизмге арналған ауруханалар ашу қажет. Аутизмі бар баланың ешқандай сезімі жоқ! Әке-шешесі неге қарамайды? Ата-аналар балаларының диагнозын біле тура, неге ай қарап жүреді?” – деп жазған еді блогер. 

STAN.KZ
Сәрсенбі, 10 Қыркүйек, 2025 19:15
Талқылау