Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Ауру” картинасы шектеумен шығып, 1 миллиард теңге табыс жинаған алғашқы фильм атанды

Фото: https://www.instagram.com/tartariafilms

Қазақстандық “Ауру” фильмі отандық киноиндустрияда жаңа рекорд жаңартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Картина +21 жас шектеуімен прокатқа шығып, 1 млрд теңгеден астам табыс жинаған алғашқы фильм атанды.

Фильмнің табысты болуына көрермендердің айрықша қолдауы ықпал еткен. Фильмнің шығармашылық тобы көрермендерге шын жүректен алғыс білдірді.

Дистрибьютордың мәліметінше, жас шектеуіне байланысты жоғалтылған пайда көлемі 600-800 миллион теңге аралығында бағаланып отыр. Бұған қарамастан, фильм отандық прокаттағы ең табысты жобалардың біріне айналды.

Қазіргі уақытта “Ауру” фильмі прокаттың соңғы аптасына кірді. Әлі көрмеген көрермендерге сеанстарға баруға мүмкіндік бар.

Айта кетейік, бұған дейін отандық “Ауру” фильміне цензура қойылғаны хабарланған еді.

13 қарашадан бастап еліміздің кинотетарларында “Ауру” фильмі көрсетіле бастады. Алайда фильм авторлары Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің цензурасына байланысты сюжет желісіндегі маңызды бірнеше кадрды алып тастауға мәжбүр болған.

Балнұр Жұмаділла
Бейсенбі, 11 Желтоқсан, 2025 18:38