Әурет жерін көрсеткен Ақбота Сейтмағамбет жұрттан сөз естіді
Ақбота Сейтмағамбет жұрттан сөз естіп тынды. Әнші жалаңаштанып түскен суретін желіге жүктеді. Көпшілік оны ашық образы үшін айыптады.
Әншінің жалаңаш суреті көпшіліктің ашуын келтірді.
“Жалаңаштықпен келген қасіреттер әйелге де, еркекке де тәнін жауып киіну алдымен денсаулығы үшін аса қажет. Әйел - жеміс ағашы. Сондықтан үнемі күтім қажет етеді. Әйелдің ағашы – аяғына тазалықтың, күтімнің маңызы зор. Әйелдің тәнін ашып жүруінен еркекке беретін де, алатын да несібесі азаяды. Тәні сасиды, бетінің нұры кетеді. Қазіргі таңдағы түрлі дерттердің шығу себебі-жалаңаштық. Жалаңаштық дегенде, анадан туғандағы күй емес, бұл құрандағы ескертілген, яғни әйелдің беті мен алақанынан басқа жері – әурет”.
“Осылар сәнге айналдырды ғой, не жетіспейді екен?”, “Ашық жерін көрсетпесе де, сұлу ғой”, “Неге әншілер сондай?”, “Ақботаға мүлде жараспайды”, “Сымбатын көрсету керек қой”, “Онсыз да сұлу едің ғой. Бір Кәмшат аз еді”, “Маған ұнаушы еді, мына қылығы артық енді”, “Бір күн орамал тағып жр еді ғой, енді әуретін көрсетіп, осыларды түсінбеймін”, – деп жазды олар.
Әнші желіде өз ойын жазып қалдырды.
“Ешкімді өзгертуге, одан ары бағындыруға тырыспаңыз. Өмір өзі-ақ талай өзгертеді, сізді де, оны да, бізді. Егер таза өмірді қаласаңыз, өзіңізден бастаңыз. Өмір мені өзіме сүйенуге үйретті, тұрмыс ерте есейтті. Жастайымнан жолыма кедергі болғандарға жауабым дайын болды, қолымнан бәрі келетінін дәлелдедім, тек жамандықтан басқа! Сүріндім, қайта тұрдым.
Ал қазір екі сәбиімнің анасымын. Бақыттымын! Олар үшін бар жақсылықты жасауға жігерленемін! Осы жасқа дейін басымнан өткерген әрбір қуанышпен қайғымның бәріне шүкір етемін. Және жанымда болып ыстық-суықты бірге өткерген адамдарға алғысымды айтамын.”, – деп жазды Ақбота Сейтмағамбет.