Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ауласындағы қарды көшеге шығарған ақтөбеліктер айыппұл төлей бастады

Жеке тұрғын үйлер мен кәсіпкерлер аула ішіндегі қарды өздері полигонға жеткізуі тиіс. Егер қарды күреп, жол бойына тастағандар анықталса, дереу айыппұл салынады.

WINTHROP, MA - FEBRUARY 09: A woman shovels snow on Shirley Street February 9, 2013 in Winthrop, Massachusetts. An overnight blizzard dropped two to three feet of snow, with coastal flooding expected as the storm lingers into the day. (Photo by Darren McCollester/Getty Images) ORG XMIT: 161174540

Ереженің сақталуын Ақтөбеде үш мобильді топ бақылап отыр. Бір апта ішінде 9 жеке және заңды тұлғаға айыппұл салынған, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Бір аптадан бері Ақтөбеде қар қалыңдап, жол тазалаушылардың жұмысы еселенді. Олар күні-түні танымсыз еңбек етіп жатыр. Әсіресе, бас даңғылдар мен көшелердегі қозғалысқа қиындық тудырмау үшін түнгі жұмыс қыза түсті. Бұл жұмыстарға жыл аяғына дейін 137 миллион теңге бөлінген. Барлығы 14 арнайы мекеме қала көшелерінен өзге Қурайлы, Сазды, Благодар, Жаңақоныс пен Қарғалы ауылдық округтерінің де қарын аршиды. Есеп бойынша 240 техника сақадай сай.

«Бір апта ішінде қаладан 4 мың тонна қар шығарылды. Қардың қалыңдығы 23 сантиметрге жетіп, бұл әдеттегі нормадан асып түскенін көрсетіп тұр. Сондықтан, жұмыс күшейді. Жиектастарға жиналған қарды арнайы бригада тазалайды. Қазір 17 жұмыс тобы құрылған. Олардың бесеуі – түнгі қызметте. Ал қар сақтау полигонының бәрі Елек өзенінің маңына бекітілді. Өткен жылы Ясный, Сазды ауылдарының маңына қар төгіліп, тұрғындар суға кетеміз деп дабыл қаққан болатын. Биыл бұл қателікті қайталамаймыз», – дейді қала әкімінің орынбасары Нағымжан Алдияров.

Жеке тұрғын үйлер мен кәсіпкерлер аула ішіндегі қарды өздері полигонға жеткізуі тиіс. Қар ауладан шығарылып, жол бойына үйілсе, айыппұл салынады.

«Ақтөбе қаласы бойынша үш мобильді топ жұмыс істеп жатыр. Олар көшелерді бақылап, қарды тасжолға шығарғандарды анықтайды. Бір апта ішінде 9 жеке және заңды тұлға анықталды. Оларға 400 мың теңге айыппұл салынды. Жұмыс әрі қарай жалғасады. Сонымен қатар, қар тазалаушылардың жұмысын қалалық әкімдіктегі қызметкерлер қадағалауға алды. Кесте бекітіліп, қазір мемлекеттік қызметкерлері өздеріне тиесілі көшені бақылауға алды», – дейді Алдияров.

Айта кетейік, полигон қарды тегін қабылдайды. Ал көлікті жалға алып, қар тиеуші техниканың көмегіне жүгінетін жер үйдің тұрғындары айына кем дегенде 4-5 мың теңге жұмсауы мүмкін. Оған көнбегендері 20 АЕК көлемінде, яғни, 40 мың теңгеден астам айыппұл төлейді.

Жіберіп алмаңыз:

Алматыда автокөліктердің нөмірін ұрлап келген алаяқ мұнысын “қайырымды іс” деп бағалаған

«Ағайынды төртеу» немен айналысты: бандалық топ құрамында 300-ге жуық адам болған

Күйеуін өлтіріп алған келіншек сот залынан ақталып шықты

Алматыда жезөкшелікпен айналысатын притондар жабылды

 

Талқылау