Ауыз су үшін арнайы есептегіш құралы жоқ қазақстандықтар суға екі есе көп төлейді
Ауыз суы үшін арнайы есептегіш құралдары жоқ қазақстандықтар суға екі есе жоғары тариф бойынша төлейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: depositphotos.com
Бұл туралы су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов мәлімдеді.
"Егер арнайы есептегіш құрылғы болмаса, азамат ауыз су үшін екі есе жоғары тарифпен төлейді", – деді Нұржігітов Су кодексі бойынша талқылау барысында.
Оның айтуынша, халық төрт топқа бөлінген.
"Норматив бойынша айына 3 текше метр су тұтынатын азаматтар тариф бойынша төлейді. Егер азамат 3-5 текше метр су қолданса, тариф 20% өседі. 5-10 текше метр су тұтынған жағдайда тариф 50% артады. Ал егер азамат 10 текше метрден көп су пайдаланса, тариф екі есе жоғарылайды", – деді Нұржігітов.
Еске салсақ, бұған дейін сенат аталмыш су кодексін мақұлдамай, мәжіліске қайтарған еді.
Әуежайда әйелдің өмірін сақтап қалған Мұса Әбдірайым – “Жыл адамы 2025” атанды
Дауыс жинаған жандардың қатарында: Мейірман Шекеев, Гүлмира Мұханқызы, Турсен Алагөзов, Темірлан Анарбеков, Ұлдана Мырзуан болды
"Сахнада сақау, сауатсыз әншілер көп": Жеңіс Ысқақова әріптестерінің деңгейін сынады
Әндерінің мазмұны жұтаң, мағынасы жоқ