Ауыр жарақат алған "Формула-1-дің" жеті дүркін чемпионы Михаэль Шумахердің денсаулығы жақсара бастады

"Формула-1" автожарысының жеті дүркін чемпионы Михаэль Шумахер ауыр бас-ми жарақатынан кейін денсаулығында оң өзгеріс байқалды. Енді ол мүгедектер арбасында отыра алады. Чемпион 2013 жылы Франция Альпілерінде тау шаңғысы кезінде ауыр бас-ми жарақатын алған еді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі DW.com порталына сілтеме жасап хабарлайды.
"Формула-1" автожарысының жеті дүркін чемпионы Михаэль Шумахер ауыр бас-ми жарақатынан кейін енді төсекке таңылып жатпайды. 57 жастағы неміс ұлты өкілінің спортшысы мүгедектер арбасында отыра алады, алайда өздігінен жүре алмайды.
Қазір Шумахерге жұбайы Коринна күтім жасап отыр. Сонымен қатар бұрынғы автожарысшы тәулік бойы медбикелер мен терапевтер тобының бақылауында.
Daily Mail басылымының мәліметінше, "қамалған адам синдромы" туралы қауесеттерді жоққа шығарды. Мұндай синдром кезінде адам есін сақтайды әрі сезімталдығы қалады. Бірақ көзін жыпылықтатудан басқа әрекеттерге жауап бере алмайды.
"Оның айналасында болып жатқан жайттардың кейбірін түсінетіндей әсер бар, бірақ, бәлкім, бәрін бірдей толық аңғара бермейтін шығар", – деп түсіндірді басылым дереккөздерінің бірі.
Михаэль Шумахер "Формула-1" тарихындағы ең үздік шабандоздардың бірі саналады. Ол Jordan, Benetton, Ferrari және Mercedes командаларында жалпы 19 жыл өнер көрсетіп, әлем чемпионатында бірқатар рекорд орнатты. 2012 жылы Шумахер спорттық мансабын аяқтады, ал 2013 жылдың соңында Франция Альпісіндегі тау шаңғысы курортында болған жазатайым оқиға салдарынан ауыр бас жарақатын алды. Содан бері ол жұртшылық алдына шыққан жоқ.
Шумахер отбасы оның жеке өміріне құрметпен қарауды қатаң қадағалап келеді.
- "Алладан шипа тілеп жатырмын": Мұхамеджан Тазабектің денсаулығы сыр берді
-
Қызылордада ер адам ауруханаға жатудан бас тартып, үйіне қайтар жолда комаға түсіп қалған
Еске салайық, бұған дейін 2013 жылдың желтоқсанында Франция Альпісінде шаңғы тебу кезінде ауыр бас-ми жарақатын алып, ұзақ уақыт комада жатты. Оқиғадан кейін отбасы оның денсаулығы туралы ақпаратты қатаң құпияда ұстап келген еді. 2019 жылы Шумахер Швейцариядан Париждегі Жорж Помпиду атындағы ауруханаға жеткізіліп, бағаналық жасушалар арқылы ем қабылдағаны хабарланды. Сол кезде БАҚ оның 6 жылдан соң есін жиғанын, жасанды тыныс алу аппаратына тәуелді емес екенін және төсекке таңылмағанын жазды.