Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ауыр ота: Алматыда дәрігерлер әйелдің тамағындағы біз тәрізді өсіндіні алып тастады

Алматыдағы орталық қалалық клиникалық ауруханасында дәрігерлер әйелдің тамағына өсіп кеткен біз тәрізді өсіндіге ота жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы

Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткендей, науқас 2 жыл бойы тамағында бөтен зат тұрғанын сезінген. Уақыт өте келе оның жұтынуы қиындап, салмақ жоғалтып, басы айналған.

Профессор Серік Тұрсынбаев пен тамырлы хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Рахман Сапарбаевтың жетекшілігімен дәрігерлер тобы өсіндіні алып тастау үшін күрделі ота жасады.

"Операция күрделі болды, өйткені ұзарған өсінді өмірлік маңызды тамырларға, соның ішінде миды қанмен қамтамасыз ететін ішкі ұйқы артериясына жақын болды. Кез келген қателік өмірге қауіп төндіретін салдарға әкелуі мүмкін еді. Оның үстіне ұйқы артериясын қайта қарау және өсіндіні алып тастау бір уақытта жүргізілуі керек еді, бұл ерекше дәлдік пен жоғары шеберлікті қажет етті. Хирургтардың кәсібилігі мен үйлесімді жұмысының арқасында ота сәтті өтті", – деп хабарлады басқармадан.

Хирург Серік Тұрсынбаевтың айтуынша, мұндай жағдай өте сирек кездеседі.

"Ересектерде біз тәрізді өсінді ұзындығы орта есеппен 20-30 мм, ал Азия тұрғындарында - 15,4-18,8 мм болады. Ұзындығы 30 мм-ден асатын өсінді ұзарған болып саналады. Мұндай өсінді негізінен 30 жастан асқан адамдардың шамамен 4%-да кездеседі және 4% жағдайда олардың болуы клиникалық белгілермен бірге жүреді. Біздің жағдайда өсіндінің ұзындығы 1,5 см болды", – дейді ол.

Еске салсақ, Түркістан облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері саусағын еттартқыш шайнап кеткен бүлдіршінге бірнеше күрделі ота жасап, оны аман алып қалған болатын.

Талқылау