Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ауылдық жерлерге жұмыс істеуге келген мамандарға төлем тәртібі өзгерді

Фото: Stan.kz

Ұлттық экономика министрлігі ауылдық жерлерге жұмыс істеуге келген мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларына өзгерістер енгізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұдан былай ауылға келген әр сала мамандары 15 жылға дейінгі мерзімге 1% жылдық мөлшерлемемен несие ала алады.

"Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіп кешені салаларының мамандарына және ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметкерлеріне, ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген жағдайда, баспана сатып алу немесе салу үшін несие беріледі. Бұған дейін бұл мөлшерлеме жылына 0,01% еді", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін маманның немесе оның туыстарының өтініш берген күнге дейінгі соңғы екі жыл ішінде маман жұмыс істейтін ауылдық елді мекенге тиесілі аудан (облыстық маңызы бар қала, аудандық маңызы бар қала) аумағында меншігінде тұрғын үйі болмауға тиіс екені нақтыланды.

Бұйрық 2025 жылғы 18 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.


Табысы жоғары азаматтар үшін жарна көлемі артады: 2026 жылдан бастап МӘМС жүйесіне өзгерістер енгізіледі


Қазақстанда әскерге шақырылғандарға несие алуға тыйым салынбақ


Еске салайық, бұған дейін былтыр елде несие көлемі 20%-дан аса өсіп, 34 триллион теңгеге жеткен. Халықтың өзі алған несиелер 21 триллионға жетіп, оның ішінде тұтынушылық несиелер ең көп 14 триллион теңге болған. Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің айтуынша, бұл кедейліктің емес, халықтың табысы мен мүмкіндігінің артқанының белгісі. Ол қарыз жүктемесін жалақының 50%-ынан 35%-ға дейін түсіруді ұсынып отыр.

Айым Атамбаева
Дүйсенбі, 11 Тамыз, 2025 09:51
Талқылау
`