Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ауылдарға шағын ұшақпен қатынау ұсынылды: Көлік министрлігі оның қалай жүзеге асатынын айтты (видео)

Фото: ChatGpt арқылы жасалды

Көлік вице-министрі шалғай ауылдарға шағын ұшақпен қатынау туралы ұсынысқа қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сенат кулуарында журналист министрлік өкілі Талғат Ластаевтен бұл жұмыстың қалай жүзеге асырылатынын сұрады. 

Көлік вице-министрі қазір бірқатар өңірде бұл жұмыс іске асып жатқанын айтты.

“Міндетті түрде жүзеге асыру керек. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бірнеше шағын авиация, әуежайларды жасап жатырмыз. Өздеріңіз білетіндей, ол Зайсан, Қатонқарағай, Кендірлі және Арқалықта жасалып жатыр. Одан бұрын Үржар, Үшарал, Балқаш  әуежайын жаңартып, қалпына келтіріп жатырмыз”, – деді министрлік өкілі. 

Талғат Ластаев бұл жұмысты міндетті түрде іске асыратынын жеткізді. 

Айта кетейік, бұған дейін Мәжіліс депутаты Серік Егізбаев Қазақстан өңірлерін бір-бірімен байланыстыру үшін шағын авиацияны дамытуды ұсынған еді. 

Нұрила Жұмаділлә
Бейсенбі, 19 Наурыз, 2026 13:26