Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ауыл тұрғынын балағаттаған әкім жауапкершілікке тартылды: Әкімнің өзі шешіммен келіспейді

Фото: mgorod.kz

Батыс Қазақстан облысындағы әдеп жөніндегі кеңесте Бәйтерек ауданы Рубежин ауылдық округінің әкімі Арман Жұмағалиевке қатысты тәртіптік іс қаралды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Мой Город” басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Кеңестің мәліметінше, шағым ауыл тұрғынынан түскен. Арыздаунышы әйел шенеуніктің дауыстық хабарламалар арқылы сөйлесу барысында мемлекеттік қызметкердің әдеп нормаларын бұзғанын мәлімдеген. Өз сөзін дәлелдеу үшін ол әңгіме жазбаларын ұсынған. Ал әкім Арман Жұмағалиевтің өзі бұл ауыл тұрғынының оған бұған дейін бірнеше рет шағымданғанын айтты.

“Менің ойымша, өз тарапымнан оның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретіндей ештеңе жасаған жоқпын. Айтқаным рас, “ештеңе істемедің” ("ни хрена не сделала") деген сөз қолдандым, бірақ бұл жұмыс уақытынан тыс, жеке хат алмасу барысында айтылды. Бұл әңгімеге дейін ол маған 11 рет қоңырау шалған, яғни мен бірінші болып хабарласқан жоқпын. Кейін мен: “Қайырлы күн. Ертең жиналысқа келіңіз” деп жаздым. Осыдан кейін жағдай ушықты. Айта кету керек, ол жиналыстарға мүлде қатыспайды. Азаматша тек менің ашуланып сөйлеген жазбамды ғана ұсынған, ал мені арандатқан сәттерін бермеген. Барлық жазбаларды мен сіздерге толық тапсырдым. Бастапқыда ол менен құзыретіме кірмейтін талаптарды қойды. Тіпті мені сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар айыптады. Мен ешқашан жемқорлық жасаған емеспін”, – деді Арман Жұмағалиев.

"Осындай қадамға баруға тура келді": Талғар қаласының әкімі қызметінен кетті

2026 жылға арналған Ораза кестесі жарияланды


Кеңес мүшелері ақылдаса келе, мемлекеттік қызметкердің сөздерінен әдеп нормаларын бұзу белгілері байқалады деген қорытындыға келді. Осыған байланысты Арман Жұмағалиевке тәртіптік жаза ретінде сөгіс жариялау туралы шешім қабылданды. Алайда ауыл әкімі бұл шешіммен келіспейтінін айтып, шешімді сотқа беруге ниетті екенін мәлімдеді.

“Бұл жұмыс уақытынан тыс, жеке сипаттағы жеке хат алмасу болды. Керісінше, аталған әйел бұл аудиожазбаны тарату арқылы менің құқықтарымды бұзды”, – деді Жұмағалиев.

Айта кетейік, Арман Жұмағалиев ауыл әкімі қызметін 2024 жылдан бері атқарып келеді. Оған дейін Жұмағалиев ішкі істер органдарында қызмет етіп, подполковник шеніне дейін көтерілген.

Еске салсақ, бұған дейін пара алғаны үшін сотталған экс-әкім "құрметті азамат" атанып, алайда прокуратураның наразылығынан кейін атағынан айырылғаны туралы жазған едік.

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 12 Ақпан, 2026 20:59