Ауыл шаруашылығына арналған тиімді несиенің барын білесіз бе?
Ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлер агронесие алып, өз кәсібін дамыта алады. Stan.kz агенттігі мен Центр Кредит Банкі бүгінгі материалында агронесиенің кәдімгі несиеден қандай айырмашылығы барын және оның несімен тиімді екенін түсіндіреді.
Иллюстрация: Stan.kz
Агронесие деген не?
Агронесие – ауыл шаруашылығын дамытатын, жоғары әрі сапалы бәсеке тудыратын, кәсіптің қаржылай жағдайын тұрақты ететін маңызды құралдың бірі. Бұл несиені банк пен басқа да қаржы ұйымдары береді. Агронесиенің арқасында фермерлер мен агроөнеркәсіп иелері қаржылай қолдауға ие болып, кәсібіне тыңайтқыш, тұқым, техника сияқты қажет заттарын ала алады, фермасын жөндеуге мүмкіндігі бар. Мәселен олар агронесие арқылы:
- Ауыл шаруашылығы кәсібін модернизациялай алады. Кәсіпкер ауыл шаруашылығын дамыту үшін қажет жаңа техникаларды, құрылғыларды сатып алып, шығынын азайтып, жұмысының өнімділігін арттырады.
- Кәсібін кеңейте алады: Қосымша қаражат өнеркәсібінің ауқымын көбейтуге көмектеседі. Мәселен, адам несиеге жер сатып алып, онда егін егіп, шаруасын дөңгелете алады.
- Жаңа бағыт қоса алады: Фермерлер жаңа тұқым түрін егіп немесе ірі қара малдың басқа түрін бағып, кәсібін кеңейтуге мүмкіндігі бар. Оған қоса фермерлер агротуризмге немесе өнімді өңдеуге инвестиция салуына болады.
Агронесиенің кәдімгі несиеден қандай артықшылығы бар?
Агронесие кәдімгі несиелерге қарағанда ұзақ мерзімге беріледі. Оған қоса мемлекет елдегі ауыл шаруашылығын дамытуға үлес қосу үшін түрлі қайтарымсыз гранттар, субсидия бөледі. Соның арқасында агронесиенің пайыз мөлшерлемесі әлдеқайда төмен болады. Дегенмен агронесиені алған адам қаржыны тек сол ауыл шаруашылығының қажеттіліктері үшін ғана жұмсауы керек. Бұл мақсатты несие түрі болып саналады. Сол себепті агронесиені алам дейтіндердің тіркелген шаруа қожалығы, бизнес жоспары болуға тиіс.
Елімізде ауыл шаруашылығына арналған қандай несие бағдарламалары бар?
Қазақстанда Аграрлық несие корпорациясы бар. Олардың мақсаты – қолжетімді және тиімді қаржыландыру жүйесін құру арқылы Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуына жәрдемдесу. Олар шаруа қожаларына қарызды несие серіктестері, микроқаржы ұйымдары, екінші деңгейлі банктер, аймақтағы инвестиция орталықтары арқылы береді. Аграрлық несие корпорациясы түрлі несие бағдарламасын ұсынады. Мәселен, олардың Кең дала, Кең дала 2, Іскер, Агробизнес, Жастарды шағын несиелеу деген бағдарламалары бар.
Агробизнес – ауыл шаруашылығына қажет негізгі құралдарды сатып алу, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу, айналым капиталын қаржыландыру және инвестиция жобаларын іске асыру үшін несие беретін бағдарлама.
Іскер – ауыл шаруашылығына қажет негізгі техникаларды сатып алуға және айналым капиталын қаржыландыруға несие беретін бағдарлама.
Жастарды шағын несиелеу – 21 мен 35 жас аралығындағы жас кәсіпкерлерге ауыл шаруашылығын дамыту үшін несие беріп қолдайдын бағдарлама.
“Кең дала” және “Кең дала 2” – көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін айналым қаражатын толықтыруға несие беретін бағдарлама.
Центр Кредит Банк арқылы агронесиені қалай алуға болады?
Мәселен, Центр Кредит Банк арқылы “Кең дала” деген бағдарламасы бойынша агронесие алуға болады. Бұл несие көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына айналым қаражатын толықтыру үшін беріледі. Бұл арқылы кәсіпкер 5 миллион теңгеге дейін несиені ешқандай кепілсіз әрі комиссиясыз ала алады. Банк небәрі бес минутта сізге несие беріп-бермейтінін айтады. Несиенің сыйақы мөлшерлемесі – 23,75%.
Дегенмен агронесиені алғысы келетіндерге қойылатын бірнеше талап бар. Біріншіден, кәсіпкер қызметін кем дегенде 3 жыл жүргізген болуға тиіс. Екіншіден, бидай, күнбағыс, рапс, күнбағыс, қарақұмық өсіретіндердің әр дақылға 90 гектар алқабы болуы керек. Үшіншіден, статистикалық есептілік немесе ЖАО-дан егілген алқап туралы анықтама қағазы болуы қажет. Төртіншіден, бидай, күнбағыс, рапс, қарақұмық сияқты дақылдарды жинауы керек. Бағдарламаға Семей, Астана, Көкшетау, Өскемен, Қостанай, Павлодар, Петропавл сияқты қалаларда тұратын және ауыл шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалары қатыса алады.
Несиені рәсімдеу үшін bbc.kz сайтына кіріп, төмен жақта орналасқан кесте аты-жөніңізді, нөміріңізді және ЖСН нөміріңізді жазсаңыз болғаны. Несиенің тәуліктің кез келген уақытында рәсімдеуге болады.