Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ветеринарлық құжатты қолдан жасағандарға қылмыстық жауапкершілік енгзілмек

Ветеринарлық құжаттықолдан жасағандарға қылмыстық жауапкершілік енгзілмекФото: Ru.freepik.com

Енді ет сату үшін ветеринариялық анықтамаларды қолдан жасағандар қылмыстық жауапкершілік арқалайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ауыл шаруашылығы министрлігі жалған анықтамалар жасатындардың әрекеті қазақстандықтардың қауіпсіздігіне қатер төндіреді деп түсіндірді. 

“Жақында біздің инспекторлар Алматыда полиция қызметкерлерімен бірге “Әлем” базарында жұмыс жүргізді. Онда бір азамат өз бетімен мөр жасап алып, етке басып жүрген. Сондықтан мұндай әрекеттер қылмыстық жауапкершілікке тартылуы тиіс, дұрыс емес пе”, – дейді Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин.

Қазір анықтамаларды қолдан жасағаны үшін 12 мың теңге көлемінде айыппұл қарастырылған. Бердалиннің пікірінше, мұндай жаза құқықбұзушыларды тоқтатпайды. Сол себепті жауапкершілікті, қылмыстық деңгейге дейін қатаңдату ұсынылып отыр.


Әкім Қазақстандағы ең арзан ет Батыс Қазақстан облысында екенін айтты


“Сиыр етінің келісі 6000 теңгеге жетті”: Қазақстанда ет бағасының өсуіне не себеп болды


Бұл мәселені Парламент келесі жылы ветеринария туралы заң жобасы аясында қарайды.

STAN.KZ
Сенбі, 13 Желтоқсан, 2025 13:55