Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жоюға болмайды": Ауыл шаруашылығы министрлігі не себепті шегірткені улаудан бас тартқанын түсіндірді

Қазақстанның бірқатар облысындағы фермерлер биліктегілер жеке саяжайлар мен бау-бақшалардағы шегіркелерді уламайтынын айтып, наразылық білдірді. Ауыл шаруашылығы министрлігі олардың шағымына жауап берді.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Pixabay.com

Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Дархан Әбдікәрімовтың айтуынша, осылайша шегіртке популяциясын сақтап қалмақ. Ол шегірткені мүлдеп жойып жіберуге болмайтынын айтты.

“Бұл ешқандай да мәселе емес, шегірткені экожүйеден жойып жіберуге болмайды. Табиғи тізбекті үзіп тастасақ, керісінше, үлкен мәселеге тап боламыз. Шегірткені улау оны мүлдем жойып жіберу емес. Мақсатымыз – жәндіктердің егінге зиянын тигізбеудің қамын жасау”, – дейді Дархан Әбдікәрімов.



Шегірткемен күрес жұмыстары тоқтаған жоқ. Министрліктің мәліметінше, 2,4 миллион гектар жер өңделді. Жауған жаңбыр егіндегі уды шайып тастап жатқандықтан жәндіктерден арылу қиынға соғып жатқан көрінеді. 

Бұған дейін шегірткенің кесірінен қыстық мал азығын дайындай алмай қаламыз деп алаңдаған шаруалардың уайымы туралы жазған едік.

Талқылау