Ауғанстанның билігі уақытша кеңеске берілді
Ауғанстан әкімшілігі уақытша кеңеске берілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Жаңа кеңес құрамына Ұлттық татуласу жөніндегі Жоғарғы кеңестің басшысы Абдулла Абдулла мен бұрынғы президент Хамид Карзай кіреді. Кеңес билікті радикалды "Талибан" (Қазақстанда тыйым салынған) қозғалысының жақтастарына береді.
Ауғанстан президенті Ашраф Гани елден кетіп, Тәжікстанға ұшып кетті. Бұл туралы Азия-Плюс агенттігіне үкімет қызметкері Саджад Нуристани айтты.
Гани отставкаға кетуге келіскен. Нуристани Гани Тәжікстанға келген соң үшінші елге ұшатынын мәлімдеді. Тұрақтайтын жері жайлы әзірге айтылмайды. Шенеуніктің айтуынша, экс-президенттің жанында оның ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Хамдулла Мухиб пен аппарат басшысы Фазл Махмуд Фазли жүр.
Бұған дейін "Талибан" қозғалысының өкілдері Ауғанстанның бүкіл аумағын басып алғанын хабарлаған. Әскерилер Кабулдағы президент сарайына келіп, онда билікті беру үшін мемлекет басшыларымен келіссөздер жүргізуді бастаған.