Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ауғанстаннан елге жеткізілген қазақтардан қауіп бар ма? Сарапшы жауап берді

Ауғанстандағы қандастарды елге көшіру отандастарымыздың ішінде өте үлкен дау туғызды. Кейбірі қаны бір қазақты қайтаруға қолдау көрсетсе, екінші тарап олардың арасында радикалды топ өкілдері болып, ел ертеңіне қауіп төндіруі мүмкін деген ұстанымдарын жеткізді. Осы мәселеге қатысты ҚР парламент мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Ерлан Саиров пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтарына сілтеме жасап. 

“Этникалық қазақтарды дүниенің қай жерінде, қандай жағдай болса да Қазақстанға әкелу керек. Бүгінгі ең негізгі саясатымыз – қазақ болса, қай жерден болса да алып келуіміз керек”, – деді Ерлан Саиров.

Оның сөзінше, Ауғанстаннан келген қандастар елге тұруға қажетті барлық құжаттарды алады, одан кейін белгілі бір бейімдеу кезеңінен өтуі ықтимал. Сондай-ақ ол Отанына оралған 35 қандасқа заң бойынша тиесілі барлық көмек және қолдау шаралары көрсетілетінін атап өтті.



“Дипломатиялық тұрғыдан (Ауғанстаннан қандастарды жеткізу) өте күрделі операция. Бұл – Қазақстан Үкіметі мен Сыртқы істер министрлігінің жақсы көрінісі болды. Қазір Ауғанстанда 200-ге жуық адам қазақ екенін дәлелдеді. Сол жақтағы елшілік оларды Кабулге жеткізу үшін жұмыстар атқарып жатыр, мұның өзі қиын іс болып тұр”, – деді Ерлан Саиров.

Еске салайық, жақында Ауғанстаннан 35 этникалық қазақ елге жеткізілген еді.

Талқылау