Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ауғанстандағы жер сілкінісінен кейін тәліптер әйелдерді үйінді астынан шығарудан бас тартты

Ауғанстандағы жер сілкінісінен кейін тәліптер әйелдерді үйінді астынан шығарудан бас тарттыФото: Sayed Hassib / Reuters

Ауғанстанның шығысында магнитудасы 6,0 баллдық жер сілкінісі болып, салдарынан шамамен 1500 адам қаза тапты. Жерасты дүмпуінен үйінді астында қалып қойған әйелдер тәліптер орнатқан шектеулерге байланысты медициналық көмек көрсетілген жоқ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Азаттық радиосына сілтеме жасап хабарлайды.

The New York Times басылымының хабарлауынша, жараланған әйелдер үйінді астынан шығу үшін тек басқа әйелдерден немесе туыс ер адамдардан ғана көмек күтен. "Талибан" енгізген жаңа ережелерге сәйкес, ер адамдар мен бөтен әйелдердің арасындағы физикалық байланысқа қатаң тыйым салынған.

“Көптеген жарақат алған әйелдер көрші ауылдардан біреу келіп көмектескенше күтіп жатты. Соның салдарынан көптеген зардап шеккендерге дер кезінде медициналық көмек көрсетілмеген”, – деп жазды басылым.

Ал ер туыстары жоқ әйелдерді құтқарушылар киімінен тартып шығарып, көмектескен. Олар себебі олар қолымен ұстап, жанасудан бас тартқан.

Сарапшылардың айтуынша, табиғи апат кезінде көбіне зардап шеккендер – әйелдер мен қыздар. Шектеулерге байланысты оларға медициналық көмек көрсетілген жоқ.

Тәліптер әйелдерге ер дәрігерлерге қаралуға тыйым салды. 2021 жылы билікке қайта оралған сәттен бастап, олар әйелдерге қатысты шектеулерді одан әрі күшейтті.

2024 жылдың желтоқсанында олар әйелдерге медицина мамандығы бойынша оқуға және оқу орнын аяқтағанда болатын емтихандарды тапсыруға тыйым салды.

“Ел көлемінде ғана емес, сол аймақтың өзінде әйел дәрігерлердің өте аз болуына байланысты, көптеген әйелдерге дер кезінде медициналық көмек көрсете алмай отырмыз. Зілзала кезінде әр минут пен секунд маңызды. Эвакуацияның кешігуі әйелдер арасындағы құрбандар санының артуына алып келуі мүмкін”, — деді Ауғанстандық дәрігер Абдул Қаюм Рахим.

Оныың сөзінше, ауыл тұрғындары ауруханаларда әйел дәрігердің тапшы екенін біледі және жараланған әйелдер мен қыздарды ауруханаға апаруға батпайды. Көптеген отбасылар оларды ауруханаға жеткізудің орнына, үйде өз беттерінше емдеуге тырысады.

Жер сілкінісі салдарынан шамамен үш мың адам зардап шекті. Хабарламаларға қарағанда, олардың басым бөлігі әйелдер мен балалар.
Алайда Кунар провинциясындағы аурухананың бас дәрігері қазіргі уақытта ем қабылдап жатқан науқастардың ішінде бар болғаны 13-і әйелдер екенін, ал ер адамдардың саны — 67 екенін айтқан.

Жергілікті тұрғын тіпті жер сілкінісінен кейін жұбайы тиісті медициналық көмек ала алмағандықтан, түсік тастағанын айттты.

“Жер сілкінісі кезінде, әйелім босанып жатқан. Босану өте ауыр өтті. Қазір ол мемлекеттік ауруханада жатыр, бірақ сауығып кеткен жоқ. Жағдайы бұрынғыдай. Мұның бәрі әйел дәрігерлер мен дәрі-дәрмектің жетіспеуінен”, – дейді ол.


Үндістан мен Пәкістандағы су тасқыны: 365-тен астам адам қаза тапты


Ауғанстанда тәліптер әйелдерге арналған сұлулық салондарын жаппай жаба бастады


Кабулдан шыққан әйел дәрігердің айтуынша, елдің шалғай аймақтарында негізінен акушерлер немесе медбикелер ғана бар, ал кейбір жерлерде тіпті ол маманда да жоқ.

Ауғанстандық құқық қорғаушы Нилофар Аюби Азади радиосына берген сұхбатында,

“Жер сілкінісінің салдары күннен-күнге күрделеніп бара жатыр. Әсіресе, әйелдер мен балалар үшін жағдай өте қиын. Медицина қызметкерлерінің тапшылығы көптеген отбасыларды жараланған әйелдер мен қыздарды жақын жердегі Джелалабад қаласына көшіруге мәжбүр етті”, – деді Ауғанстандық құқық қорғаушы Нилофар Аюби.

Алайда Джелалабадтағы ауруханалар да толып кеткен. Онда да әйел мамандар мен алғашқы көмекке қажетті заттар жетіспейді.

Еске салайық, бұған дейін Ауғанстанда жойқын жер сілкінісі болып, 600-ден астам адам қаза тапқан еді. 

Айым Болатқызы
Жексенбі, 07 Қыркүйек, 2025 14:47
Талқылау