Ауғанстандағы жер сілкінісі: Қаза тапқандарды саны 1000-ға жетті
Ауғанстандағы 6,1 балдық жер сілкінісінен кейін қаза тапқандарды саны 1000-ға, жараланғандардың саны 1500-ге жетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жергілікті билік қаза тапқандар санының артуы мүмкін екенін мәлімдеді.
"Кейбір ауылдар шалғай таулы аймақтарда орналасқан, сондықтан егжей-тегжейлерді анықтау үшін уақыт қажет", - деді журналистерге Ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Салахуддин Аюби.
Америкалық сейсмологтар олардың деректері бойынша жер сілкінісі шамамен 51 шақырым тереңдікте болған. Оның ошағы Ауғанстанның оңтүстік-шығысындағы Хост қаласынан 44 шақырымдай жерде болғанын нақтыланды.
Қайтыс болғандардың көпшілігі елдің шығысындағы Пактика провинциясында.
Еске салсақ, Ауғанстанда қатты жер сілкінісі болды. Жер асты дүмпулері түнде, жергілікті уақыт бойынша 01:30 шамасында басталған.
Қазақстандық әженің үйін жөндеуге келген еріктілер шатырдан 8 пакет ақша тауып алған: Кейуана оны қайыр тілеп жинаған
Ерікті: "Ақшаның тең жартысы тиын"
“Мәселе мәдениетте емес”: Мамандар Қайрат Нұртастың концертіндегі халық әрекетіне баға берді
Мамандар мұндай жағдайлардың тек Қазақстанда емес, өзге елдерде де кездесетінін атап өтті