Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ауғанстанда тәліптер әйелдерге ойын-сауық паркіне баруға тыйым салды

Ауғанстанда билікті басып алған “Талибан” ұйымы (Қазақстанда тыйым салынған) әйелдерге ойын-сауық паркіне баруға тыйым салған деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сүйеніп. 

bbc.com

Ауғанстанның “Ғұрып полициясы” парктерге әйелдерді кіргізбеңдер деп бұйырған. 

Бұрын елдің парктерінде ерлер мен әйелдер бөлек қыдыратын. “Ғұрып полициясына” сенсек, жұрт бұл тыйымды елемейтін көрінеді. 

“15 ай бойы апа-қарындастарымыздың паркке барып, қыдыруына мүмкіндік беріп келдік. Әйелдерге хиджаб киіп жүріңдер дедік, бірақ кейбірі сөзімізді елемеді. Әйелдер паркке мына күні, ерлер мына күні бара алады деп арнайы тәртіп құрғанбыз. Оны да елемеді”, – дейді полиция өкілі Мұхаммед Әкиф Мұхажер. 

Бұған Ауғанстан әйелдері қарсы шықты, дегенмен олар наразы екенін ашық айта алмайды. Себебі олардың “Ғұрып полициясына” кіруіне тыйым салынған. 

“Бір күні әйелдер үйінен шыға алмайды деп айтуы мүмкін. Ауғанстанда бұл да ғажап емес”, – дейді аты белгісіз жас студент. 

“Талибан” ұйымы 2021 жылы Ауғанстан билігін басып алып, зайырлы заңға емес, шариғатқа сүйенеміз деген еді. Басында тәліптер әйел құқығын қорғаймыз деген-ді. Бірақ бір жыл ішінде әйелдерге түрлі тыйым салынды. Мысалы, олар университетте оқи алмайтын болды. 

STAN.KZ
Бейсенбі, 01 Желтоқсан, 2022 15:11
Талқылау