Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ауғанстанда діни мектепте жарылыс болып, 7 адам қаза тапты

Ауғанстанның шығысындағы Хост провинциясындағы діни мектепте жарылыс болды. Салдарынан 7 адам қаза тауып, 17 адам жараланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости-ге сілтеме жасап.

ауганстан жарылыс

Ауғанстанның уақытша үкіметінің Ішкі істер министрлігі діни мектепте қол гранатасы жарылғандығын мәлімдеді. Бұған дейін бір адам қаза тауып, 17 адам жараланғаны туралы айтылған болатын.

Ауғанстан уақытша үкіметінің Ішкі істер министрлігі өкілі оқиғаға қатысы бар үш күдікті адамның ұсталғандығын айтты. Бұл оқиға бойынша жауапкершілікті ДАИШ (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) лаңкестік тобы алды.



Тәліптер билігі

1 мамырда АҚШ пен Солтүстік Атлантикалық Альянс әскерлерінің Ауғанстан аумағынан ресми шығарылуы басталды. Осыдан кейін елдегі жағдай ушығып кетті. 15 тамызда "Талибан"* содырлары Ауғанстанның бүкіл аумағына бақылау орнатылғанын жариялады. Сол күні президент Ашраф Гани отставкаға кетіп, елден кетті.

31 тамызға қараған түні АҚШ әскері Кабул әуежайынан шығып, АҚШ-тың Ауғанстанда 20 жылға жуық уақытқа созылған әскери қызметіне нүкте қойды. Қыркүйек айының басында Ауғанстанның уақытша үкіметінің құрамы жарияланып, оны Мохаммад Хасан Ахунд басқарды, ол бірінші Талибан билігі кезінде сыртқы істер министрі болған және 2001 жылдан бері БҰҰ санкцияларында жүрген адам.

Талибан* – Қазақстанда тыйым салынған террористік ұйым

Талқылау