Ауғанстанда автобус аударылып, 80-ге жуық адам қаза тапты
Фото: Видеодан скрин
Ауғанстанның Герат провинциясында үлкен жол апаты болды. Мигранттарды тасымалдап бара жатқан жолаушылар автобусы жол үстінде аударылып, өртеніп кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Жантүршігерлік жол апатынан 79 адам қаза тапты, оның 19-ы бала. Автобус Ислам-Кала шекара бекетінен шыққан. Соңғы айларда ол жерден Иран жаппай депортациялап жатқан ауған азаматтары тасымалданатын. Сөйтіп жолаушылар автобусы Кабулға қарай бет алған. Бірақ айналма жолда жүргізуші рөлге ие бола алмай, мотоцикл және жанармай тасыған жүк көлігімен соқтығысқан.
Соққы салдарынан өрт шығып, автобус түгелдей отқа оранды. Адамдар іште қалып қойып, көбі сыртқа шығып үлгермеген. Үш жүргізуші де оқиға орнында қаза тапты.
“Апатқа автобустың жылдамдықты асырғаны мен жүргізушінің салғырттығы себеп болған. Оған қоса, жолдардың нашарлығы жағдайды одан әрі қиындатқан”, – дейді жергілікті билік өкілдері.
Үржардағы жантүршігерлік жол апаты: Куәгерлер балалардың дөңгелекке қыстырылып қалғанын айтты
Қарағандыда белгілі кәсіпкер өлімге әкеп соққан жол апаты үшін сотталды
Еске салайық, бұған дейін 19 тамызда Абай облысы, Бестерек ауылында 55 жастағы жүргізуші Toyota көлігімен бір топ баланы қағып кетті. Жол апаты салдарынан үш бала қаза тауып, тағы үшеуі ауыр жарақат алды. Жүргізуші ұсталды, ол мас болмаған. Қайтыс болған балалардың отбасыларына жерлеу рәсімін ұйымдастыруда материалдық және психологиялық көмек көрсетіледі. Президенттің тапсырмасымен Үржар ауданына дәрігерлер мінген әскери ұшақ жіберілді. Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, жағдай облыс әкімдігінің ерекше бақылауында.

Екі қыз анасыз қалды: Атырауда ер адам әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілінді
