Ауғанстан билігі әйелдің білім алуын шетел мәдениеті деп атады
Ауғанстанның білім министрінің міндетін орындаушы Нада Мұхаммед Нәдім қыз бала, әйелдің білім алуын шетел мәдениеті деп атады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ТАСС басылымына сүйеніп.

Оның айтуынша, “шетелдің бұл мәдениетін Ауғанстанға ХХ ғасырда әмір Аманұлла мен Мұхаммед Захир шах енгізген”.
“Қыз баланың білім алуы – шетел мәдениетінің бір бөлігі. Оны бізге әмір Аманұлла мен Мұхаммед Захир шах енгізген еді. Аманұлла билік еткен жылдары ислам құқығын жақсы білетіндер бұл шешімге қарсы шыққан еді. Захир шах билікте отырған кезде ақсақалдар “дін қыздарды мектепке беруге тыйым салғанын айтқан еді”, – дейді Нәдім.
2021 жылы “Талибан” террорист ұйымы Ауғанстан билігін басып алғаннан кейін әйелдің білім алуына кедергі болатын біршама бұйрық шығарды. Ауған әйелдері тіпті отбасымен бірге паркке де бара алмайды.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"