Ауғанстан астанасында жарылыс болып, 40-тан астам адам қаза тапты
Бүгін Ауғанстан астанасындағы үкімет кварталына жақын маңда болған жарылыста қаза болғандар саны 40-тан асты. Сондай-ақ, 140 адам зардап шеккен екен, деп хабарлайды Ауғанстанның «1 TV» телеарнасына сілтеме жасап Stan.kz.
Сурет: versiya.info
Хабарланғандай, жарылыс Ұлттық қауіпсіздік дирекциясы мен Үндістан елшілігі ғимараттарына жақын маңда болған. Ол жерде лаңкес жедел жәрдем көлігіне жарылғыш зат қойып, жарып жіберген екен.
Ал Pajhwok агенттігі Ауғанстан астанасында болған жарылысты «Талибан» (ҚР аумағында тыйым салынған) қозғалысы мойнына алғанын мәлімдеді.
Қазақпарат хабарлауынша, Кабулда тіркелген жарылыстан зардап шеккен қазақстандықтар туралы мəлімет түспеген.
«Зардап шеккен қазақстандықтар туралы мəлімет келіп түскен жоқ», – деп мәлем етті ҚР СІМ ресми өкілі Əнуар Жайнақов.
Естеріңізге сала кетсек, 20 қаңтарда лаңкестер тобы Intercontinental Hotel қонақ үйіне шабуылдаған еді. Салдарынан қазақстандық азамат қаза тапты.
Оқи отырыңыз:
Ресейде қақаған аязда жоғалып кеткен бала мысықтың арқасында аман қалды
Жапонияда бұрын-соңды болмаған эпидемия салдарынан 3 миллион адам тұмауға шалдықты
Әйел студентпін деп 20 жыл бойы жатақханада тұрып келген
Үндістандық өзінің пойыз астына түскенін таспаға түсіріп алды (видео)