Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ауған қызы әкесі үшін 10 жылдан астам уақыт бойы ер бала болып келген

Ауғанстан тұрғыны Ситара Вафадар ата-ананың өтініші бойынша он жылдан астам уақыттан бері ер бала болуға мәжбүр.

Ауған қызы әкесі үшін 10 жылдан астам уақыт бойы ер бала болып келген

Бұл туралы NDTV жаңалықтар порталы хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Ауғанстанның шығысындағы Нангархар провинциясында 18 жастағы тұрғыны Вадафардың бес сіңілісі болғанымен, бірде бір бауыры жоқ. Сондықтан ата-анасы оны бача-пош, яғни ерлерше киініп, еркектің міндеттерін атқаратын қыз жасауды шешкен.

«Мен ешқашан өзімді қызбын деп ойламаймын», – деді Вадафар журналистерге.

Оның айтуынша, жұмысшылардың көпшілігі оның қыз екендігін білмейді. Ол өзін ұрлап кетпесін деп, жынысын жасырып жүр.

Дәстүр бойынша, Вадафар некеге тұру жасына толғанда ер баланың міндеттерін орындаудан бас тартуға құқылы. Бірақ ол 13 жастағы сіңлісінің өзінің тағдырын қайталағанын қаламайды.

Бача-пош дәстүрі Ауғанстан мен Пәкістанда кең таралған. Бұл дәстүр отбасында ер баласы жоқ адамдарға  әлеуметтік қысымнан құтылуға мүмкіндік береді. Көптеген бача-шоштар ересек кезінде қиындықтарға кезігуде. Себебі олар әйелдерге арналған  діни шектеулерге үйрену қиынға соғады.

Тағы оқыңыз: 

Үндістан министрі зорлықтың көбеюі порнографиялық сайттарға кіргеннен деп түсіндірді

Рамзан Қадыров ағасының ұлын өз балаларынан артық жақсы көретінін мойындады

Миллионердің қызы «кедейлердің өміріне» таңданып, телекөрермендерді ашуландырды

Ұлдар мен қыздарды бөлек оқытуға арналған екі жылдық тәжірибе таңқаларлық нәтиже берді

Талқылау