Әуелбекова мен Болманов Төреғалиді жақтап сөйледі
Төреғали Төреәлі дауының әлі ұзаққа созылатын түрі бар. Себебі желіде тарап кеткен шулы видеоға қатысты жағымсыз пікірлер толастар емес. Тіпті, әріптестерінің ортасында Төреғалиді сынап жатқандар баршылық, деп жазады Stan.kz.
Мәселен, әнші Майра Ілиясова бұл даудан кейін биліктің Төреғалиге шүйлігіп қалатынын айтқан. Одан бөлек, Төреғали мен оның әкесі Төреәлі Төлеповтің үлкендерге құрметсіздік көрсетуі алғаш емес деп ашуланды ол. Есесіне Қыдырәлі Болманов пен Мөлдір Әуелбекова Төреғалиді қолдап, желі оқырмандарын сабырға шақырды.
Қыдырәлі Болманов:
Қасқыр да қас қылмайды жолдасына. Арамдық болмаса егер өз басында. Қапез Байғабылұлы.
Оның қасында біз арымыз бар адамбыз. Маған не десеңіздер де үндемей қала алмаймын. Өнерде жүрген бауырларымның ешқайсысын жамандыққа қимаймын, әрқайсысының қасындамын! Ата, ағаларымыз өтіп келе жатқан өнер жолы – жеңіл жол емес! Оны тек өнер адамдары түсінеді. Таланттары аз болған ел-руxани әлсіз! Пендеміз, қателесеміз.. Жүйкеге салмақ түскенде-кейде сабырымыз жоғалады. Мейірімді Алланың өзі -ширк келтіргеннен басқаның бәрін кешіреді, өйткені пендесінің әлсіздігін біледі, үмітін үзбейді! Қатесі болса да кешіріммен қарау – бауырларға парыз! Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ болмайды. Әрине Төрештің қателігі бар. Қателіксіз кім түзелген? Ет пен сүйектен жаралған пенденің бәрі қателеседі, сіздің де біздің де әттеген-айымыз бар. Еш жаңалық ашқан жоқпын бұл сөздеріммен.
Одан да үлкен Мәселе – бірлігімізге жанымыз ауырмауы, қазақтың бірін-бірі итше талап, жұлып жеуге ұмтылуы. Өзі аз қазақ бірін-бірі жамандап, жағадан алғанда не ұтпақпыз? Кең даламызға көзін тігіп, жерімізден дәмелі болып отырған ішкі-сыртқы “жауларымызға” керегі де осы екенін қашан ұғамыз ағайын? Бізді сақтап қалар тек қана Алла! Бірлігіміз, бауырмалдығымыз болса ғана!
Мөлдір Әуелбекова:
Сені жақсы көретін халкың барда,
Хақың бар әлі талай жарқырауға.
Жаман қылығың кешегі біреу ғана,
Жақсылығың жетеді алты тауға .
Ұлы дала баласы дара туған ,
Жүрегің ән мен жырдан жаратылған .
Сен биікке самғауға лайықтысың,
Тартсада дұшпандарың қанатыңнан.
Тасадан атқан тасқа шағылмағың ,
Сүрінбе оңайлықпен шалынбағың .
Бір жауың есігіңді сығаласа,
Табылады достарың жаныңнан мың.
Налыма қапаланба еліңе сен,
Мықты бол ештеңеден жеңілме сен.
Ұлы даланың тұлпарын ерттеп мінген,
Жұлдызсың жаны жұмсақ елінде сен.
Алланың құлы, Пайғамбарымыздың үмбетіміз!
Жіберіп алмаңыз:
Қоғам белсендісі Төреғалиді қорғаған Бүркітке ұрсып тастады
Жұлдыз Әбдікәрімова: Бұрын Қайратты айына 1-2 рет көретінмін
Қайнар Алагөзов Төреғалиді сынағандарға өлеңмен жауап берді
Қарияға дөрекілік көрсеткен Төреғалиді белгілі журналист сынап тастады