Ауа-райы болжамы: Алдағы күндері кей жерлерде 30 градусқа дейін күн жылынады
Мамандар 12-14 сәуірге арналған ауа-райы болжамын ұсынды.
Қазақстан аумағы арқылы өтетін атмосфералық фронттар кей жерлерде жауын-шашын, жаңбыр және ылғалды қар алып келеді. Республиканың солтүстік бөлігінде ауа температурасы аздап төмендейді
Еліміздің оңтүстік және шығыс аудандарына фронттардың артынан Орта Азиядан жылы ауа келеді. 13 және 14 сәуірде күндіз оңтүстікте және оңтүстік-шығыста плюс 20-25 дейін, кей жерлерде 27-30 градусқа дейін, шығыста 13-18, кей жерлерде 21 градусқа дейін ауа жылынады.
Қызылорда және Қостанай облыстарында дауылыд ескерту жарияланған. 12 сәуірде Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман; күндіз шығыс, оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел күтіледі
12 сәуірде тәулік бойы Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел 15-20 м/с күтіледі.
Тағы оқыңыз:
“7-20-25” ипотекалық бағдарламасы мамыр айында қабылданады
“Сопылар ісі” бойынша сотталған профессор Саят Ыбырай мерзімінен бұрын бостандыққа шығатын болды
Ұлттық банк: Банктер ипотекалық қарызы барлардан пәтерін тартып алмайды