Ауа райына байланысты Алматы әуежайынан ұшатын барлық рейс тоқтатылды
Алматы әуежайынан ұшатын барлық рейс тоқтатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы әуежайдың баспасөз қызметі мәлімдеді.
“Қардың қатты жаууына байланысты Алматы халықаралық әуежайы көктайғаққа қарсы өңдеу жұмыстарын жүргізе алмайды - ауа-райы жақсарғанша рейстер тоқтатылды”, – делінген ақпаратта.
Жергілікті уақыт бойынша сағат 19.00-ден бастап Алматы әуежайы қонатын ұшақтарға да жабық.
Баспасөз қызметі әуежай ауа-райы жақсара салысымен әуе айлағы жұмысын бастайды деп түсіндірді.
Айта кетейік, бүгін 14 наурызда Алматыда қалың қар жауып, қала жолдарындағы көлік қозғалысын тоқтатқан.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"