Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атышулы Төлешовтің әйгілі сыра зауыты сатуға қойылды

Жыл басынан бері даудан арылмай келе жатқан Шымкент сыра зауыты ақыры сатуға шығарылды. Жүздеген миллион доллар қарызы бар мекеменің құны 28 миллиард теңгеге бағаланып отыр деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Безымянный

Сурет radiotochka.kz

Оңтүстіктегі ең үлкен зауыт банкке берешегі үшін сатылмақ. Мың үш жүз сотық жері, 39 мың шаршы метр ғимараты бар ауқымды кешен бойынша аукцион 12-ші сәуірге жоспарланған. Шымкент сыра зауытының қожайыны Тоқтар Төлешовті қаңтардың соңында жүз қаралы арнайы жасақ Шымкенттегі мейманханалардың бірінде ұстаған болатын.

Осыдан кейін сыра зауыты жұмысшыларына миллиондаған қарызы бар екені анықталды. Зауыт басшылығы жүздеген қызметкері мен күзетшілеріне берешегін әлі өтеп болған жоқ. Ал қылмыстық топты қаржыландырып, есірткі сатумен айналысты делінген Тоқтар Төлешовтің өзі Астанада қамауда отыр.

Талқылау