“Қорғас ісі” бойынша сотталғандардың түрмеден босатылуын заңгерлердің өзі түсінбей отыр
Ауызбастырықты миллиондап алғанымен, абақтыда алты ай да отырған жоқ. Алматы соты былтыр миллион доллар парамен ұсталған “Қорғас” халықаралық орталығының басшысын босатты, деп хабарлайды КТК арнасы.
Нидің қолына былтыр қыркүйекте кісен салынған. Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның мәліметінше, миллион долларға ол халықаралық орталықтың аумағында 5 жұлдызды қонақ үй салуға рұқсат етпек болыпты. Сөйтіп, келісілген ауызбастырықты алуға Инвесторлармен жұмыс бөлімінің жетекшісі Махаббат Сайдуллаева жұмсаған. Бірі пара бопсалап, екіншісі оны жеткізумен айналысқаны үшін айып тағылғандар енді жазадан босап отыр. Бұрын істі болмаған, кінәсін де тез мойындады, әрі кішкентай баласы бар деп екеуін бірдей түрмеден шығаруды прокурорлардың өздері сұраған екен. Сот та бұл уәжбен тез келісе қойған. Десе де, соттың бұл үкімін заңгерлер түсіне алмай отыр.
“Кінәсін мойындағаны үшін ғана аса ауыр қылмыс жасаған адамды жауапкершіліктен босатылғанын көптен бері естіген емеспін. Бұл жағдайда дүние-мүлкісі тәркіленбеді, айыппұл да салынбады. Тіпті қызметін ары қарай жалғастыра беруге мүмкіндігі бар екен. Ерекше жұмсақ үкімге параның сомасы әсер еткен болар”, – дейді заңнер Жохар Өтебеков.
Тағы да оқыңыз:
Қорғаныс министрі әскердегі діншіл сарбаздарға қатысты жауап берді
Елімізде суррагат аналар көлік не пәтер алу үшін өзгеге бала туып береді