Атышулы “Қалаулым” қатысушысы Ресей әншісімен төсектес болғысы келетінін айтты
Атышулы “Қалаулым” бағдарламасының “жұлдызы” Замира өзінің кім, қайда және немен айналысатынын ашып айтты. 30 жасқа жақындаған ол бір рет тұрмыста болғанын және экс-күйеуінің ұйғыр ұлтынан болғанын жасырмай айтты. Сондай-ақ, танымал Ресей жұлдызымен төсектес болғысы келетінін айтып, айды аспанға бір-ақ шығарды.
Замира журналист Аман Тасығанға сұхбат берді, деп хабарлайды Stan.kz.
Замираның алғашқы некесінен екі баласы бар. 17 жасында өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шыққан ол болашақта тек қазақ жігітінің етегінен ұстайтынын мәлімдеді.
“Себебі кұйеуімді ұйғыр деп үйдегілер жақтырған жоқ. Құда-құдағи болып араласқан жоқ. Олар орыстар сияқты, ешкімді шақырмайды, өздерін шақырса бармайды”, – деген Замира экс-күйеуімен не себепті ажырасқанын түсіндірді. Айтуынша, жары оны қызғанып, талай соққының астына алған.
Сұхбат барысында журналист халқымызға белгілі тұлғалардың суретін көрсетіп, Замираның білім деңгейін анықтамақ болды. Алайда “Қалаулым” жұлдызы әйгілі ғалым Шоқан Уәлиханов пен актер Досхан Жолжақсыновты тани алмай, ұятқа қалды. Есесіне Заманбек Нұрқаділовті білетін болып шықты. Алайда қоғам қайраткері, саясаткер емес, Халық артисі Мақпал Жүнісованың күйеуі ретінде танитынын ашық айтты.
Бұдан бөлек, атышулы Замира танымал Ресейдің әншісімен төсек қатынасына түскісі келетінін айтты.
“Наташа Королеваның күйеуі Тарзанның дене бітімі қатты ұнайды, маған келетін сияқты”, – деп жауап берді ол.
Жіберіп алмаңыз:
Сахнада тұрып кешірім сұраған Төреғалиді халық қолдап, қошемет көрсетті (видео)
Танымал адвокат: Байзақова еш кінәсіз қамалып шықты
Алматыда мереке күні такси қызметі қала ішінде 9 мың теңге сұрап, тұтынушыны шошытты