Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атыраудағы ірі жол апаты: Екінші көлік жүргізушісі емханада қамауға алынды

Атырау облысындағы 5 адамның өмірін жалмаған жол апатына кінәлі болуы мүмкін деген күдікпен екінші көліктің жүргізушісі тура емдеу орнында қамауға алынды. 49 жастағы азамат қазір Атырау облыстық ауруханасының арнайы палатасында тергеушілерге жауап беруде, деп хабарлайды КТК арнасы.

Оған қатысты қылмыстық кодекстің «екі немесе одан да көп адамның өліміне алып келген жол-көлік оқиғасы» бабы бойынша іс қозғалған.

Сондай-ақ жүргізушінің әйелі мен 18 жастағы қызы да травматология бөлімінде жатыр. 50 жастағы азаматшаның жамбасы сынып, ота жасалған. Ал, қыз баланың беломыртқасына зақым келсе, көлік жүргізушісінің 20 жастағы ұлы айтарлықтай зардап шеккен. Ми жарақатын алып, ота жасалған ол нейрохирургия бөлімшесінде жатыр. Ерлі-зайыптылардың 10 жастағы тағы бір баласы да басынан зақым алған. Қазіргі жағдайы жақсы.

Еске сала кетейік, жантүршігерлік жол апаты 14-ші қаңтар күні Атырау-Астрахань тас жолында болған еді. Атыраудан  келе жатқан Ваз маркалы жеңіл көлік облыс орталығын бетке алған Хюндай акцентпен бетпе-бет соқтығысқан. Өкінішке қарай, ресейлік көлікте отырған 5 адам оқиға орнында жан тапсырды. Болжам бойынша, акцент жолдың қарсы бетіне шығып кеткен.

Жіберіп алмаңыз:

Семейде екінші сынып оқушысы кәріз құдығына құлап мерт болды

Алматыда 35 жастағы Өзбекстан азаматы жоғалып кетті

Алматыда қар тазалап жүрген жұмысшыны көлік қағып, өлтірді

Ақтөбедегі өрт: 52 адамның 32-сінің аты-жөні белгілі болды

Талқылау