Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда асханадан түскі ас ішкен 18 жұмысшы ауруханаға түсті

2 қыркүйек күні Атырау қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына “Қаработан” ЖШС 18 жұмысшысы астан уланып түскен. Олардың 10-ы ауруханаға жатқызылды.

Безымянный

Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау министрлігі хабарлайды. Жұмысшылар кәсіпорын асханасынан түскі ас кезінде көкөніс салаты, бұршақ сорпасы, балықпен тамақтанған.

Қазіргі кезде оқиғаның себептері анықталып жатыр. 9 жұмысшының жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр.

“Асханадан тамақтанған барлық жұмысшылар профилактикалық емдеу шараларынан өткізілді. Асхана қызметі тоқтатылды. Зертханалық тексеріс жүргізу үшін азық-түліктердің сынамалары алынды. Зерттеу нәтижесі бойынша жұмысшылардың ағзасында ауру қоздырған – энтеритидис сальмонелласы”, – деп хабарлады министрлік.

Оқи отырыңыз:

Елімізде жедел жәрдем қызметі науқастарға ауру белгілеріне қарай көмек көрсететін болады

Дәрігерлер Астанада көлік астына түскен оқушы қыздардың жағдайын айтты

15 жыл бойы төсекке таңылған Алматы облысының тұрғыны халықтан көмек сұрайды

Ақтөбеде қайтыс болған жігіттің бүйрегін кесіп алған дәрігерлер жазадан сытылып кетті

Талқылау