Атырауда 8 жасар мүгедек қыз сыныптастарының мазағынан мектепке бара алмай жүр
“Таңдай тіндері ыдыраған» деген диаогноз қойылған 8 жасар қыз бала мектеп бара алмай жүр. 8 жастағы Альмира Рысмағамбетова оқушы атанып, мектепке барғысы келеді. Бірақ, өзге балалардың мазағынан қорқады, – деп жазады Мой город.
Альмира отбасымен 9 шаршы метр болатын бөлмеде тұратынын, анасы жоқта үй шаруасымен айналысатынын айтады. Ол кемтарлығын ешкімге көрсетпей үйде отырғанды жөн көреді.
Фото: Bnews.kz
Анасы қызын мектепке апарғанын, бірақ екінші күні Альмираның мектепке барғысы келмегенін айтады. Ол сыныптастарының мазағынан шошынып қалыпты. Анасы қызын үйде оқытуға тырысып жүр. Бірақ, Альмира мектепке барғысы келеді екен.
“Қайырымды адамдардың арқасында демеуші табылды, таяуда ол Оңтүстік Кореяға аттанады. Таңдайын қалпына келтірген соң Альмира мектепке барып, қалыпты тамақтанатын болады”, – дейді анасы.
Ерлан Омаров
Жіберіп алмаңыз:
Желі қолданушылары қазақ ауылының атауын мазақ қылды
Мен өлі адамдай күйде болдым: Жібек Мусина зорлау ісі жайлы ашық айтты
Назарбаев Астана атауын өзгерту туралы пікірін айтты
Атырау облысында ауруханаға жатқызбай қойған екіқабат келіншек көз жұмды