Атырауда 73 жастағы балықшы әжей мұз ойығына түсіп кеткен
Атырауда балықшылар мұз ойығына түсіп кетен 73 жастағы зейнеткерді ажалдан құтқарып қалды.
Облыстық ТЖД мәліметі бойынша, бұл оқиға туралы қоңырау 5 наурыз күні болды, деп хабарлайды “Ақ Жайық”.
Жилгород және Авангард аудандары арасындағы жаяу жүргіншілер көпірінің маңында мұз жарығына адам түсіп кеткен. Оқиға орнына шұғыл батыс аэромобильдік жедел құтқару отряды жөнеледі. Олар 16 минутта жеткен. Құтқарушылар барғанша 1944 жылы туған әйелді балықшылар өз күшімен мұз астынан алып шыққан екен. Жедел жәрдем де келіп жеткен, алайда балықшы әжей ауруханаға барудан бас тартып, өзі үйіне кеткен.
Жіберіп алмаңыз:
ОҚО-да жаңа туған сәбиді қытай сөмкесіне салып6 мектеп жанына тастап кеткен
Бір жасар қыз фри картобынан уланып көз жұмды
Қарағандыда 9-сынып оқушысы 10 айлық інісін мұзға құлатып өлтіріп алды
Талқылау