Атырауда 3 жасар қызды қорлаған педофил сотталды
Атырау облысындағы мамандандырылған ауданаралық сот 3 жасар қызды қорлаған педофилге қатысты үкім шығарды. Сот қылмыскерге 19 жыл бас бостандығынан айыру туралы шешім қабылдаған.
«Ағымдағы жылдың наурыз айында қойшының 44 жастағы көмекшісі мас күйінде 3 жастағы қызға азғындық жасаған. Осы оқиға бойынша бүлдіршінді күштеп жыныстық қатынасқа тарту бабы бойынша қылмыстық ісқозғалған еді. Сотта күдіктінің қылмысы дәлелденіп, оны 19 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарылды»,-делінген облыстық соттың баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Талқылау