Атырау облысында жолдарға кәдімгі қойдың жүнін төсеп тастаған
Атырау облысының Қызылқоға ауданында кәдімгі қойдың жүні төселген жолдар бар. Жерінің реңі шағылды-қыратты болып келетін құмды жол көліктердің жүруіне қиындық туғызатындықтан әлдебіреу онсыз да керексіз болып жатқан қой жүнін осылайша кәдеге жаратуды жөн көріпті.
Бұл туралы 24 арна хабарлайды.
Қазір жабағы жамылған дала жолында автокөліктер алаңсыз жүйткіп жүр. Айта кеткен жөн, жалпы мұнайлы өңірде қой, түйе жүні мен терісіне тіпті, кезінде алтынға бағаланған қаракөл елтірісіне де мүлде сұраныс жоқ. Қазір Жасқайрат ауылында 40 тоннаға тарта қой жүні жиналуы тұр. Егер бір шарушалықтың өзінде 14 мыңнан астам қой мен 150 бас түйе малы барын ескерсек, қаншама байлықтың рәсуа болып жатқанын көзге елестету қиын емес.
“Мал болғасын, одан өнім алғасын өнімдердің өткенін, содан пайда көргенді тәуір көреміз. Енді бізге мүмкіншілік болса, осы Атырау облысы демейін, Қазақстанның өзге аумақтарында бір зауыт ашып, осы өнімдерімізді өңдейтін арзан да болса, алатын орын болса, мүмкіншілік жасаса дейміз. Тек қана жүн емес, біздің қойдың терілері, қазір қаракөлдің терілеріне де ешқандай сұраныс жоқ”, – дейді «Атырау агроөнімдері» ЖШС бас директорының орынбасары Бауыржан Исақұлов.
Жіберіп алмаңыз:
Алматы облысында сәбилер үйіндегі нәрестелерді түнде мүлдем тамақтандырмаған
Қытайда әкесі ұлының үстіне құлап кетіп байқаусызда өлтіріп алды (видео)