Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау облысында ер адам кәмелетке толмаған қызға қинап арақ ішкізген

Атырау тұрғыны өзінің 16 жастағы жиен қарындасына әбден масайғанша арақ ішкізген. Бұл туралы кәмелетке толмағандардың ісін қарайтын ауданаралық мамандандырылған соттың баспасөз қызметі хабарлады.

1273466

Фото: Алексей Куденко

Әкімшілік іс “Кәмелетке толмаған жасөспірімді мас күйге түсіру” бабы бойынша қаралған. Құрманғазы ауданының тұрғыны өзіне туыс болып келетін кәмелетке толмаған қыз баламен бірге арақ ішкен.

Сот отырысы кезінде ер адам өз кінәсін мойындады. Олар дүкенге екінші рет арақ алуға барған кезінде тәртіп сақшыларына ұсталып қалыпты. Сот үкімімен құқық бұзушы кінәлі деп танылып, 42 420 теңге айыппұл төлейтін болды.

Оқи отырыңыз:

Мұхтар Шаханов шетелдіктерге тұрмысқа шыққан қыздарды азаматтықтан шығаруды ұсынды

Атырауда дұға үшін ақша талап еткен имам жұмыстан қуылды

Науқас баласы бар астаналық әйел уақытша тіркеудің кесірінен баспанасынан қуылды

Қандай жағдайда полицейлер үйлерді аралап азаматтардың тіркеуін тексереді?

STAN.KZ
Жұма, 13 Қаңтар, 2017 08:35