Атырау әкімдігі қайтыс болып кеткен адамға жер берген
Атырау қаласында қайтыс болған адамдарға да жер телімдері берілген. Қалалық прокуратура жер телімі үлестірілген азаматтардың жеке басына талдау жүргізді.
Бұл туралы “Хабар 24” хабарлайды.
Тексеріс кезінде екі жыл бұрын бақилық болған азаматқа да жер берілгені анықталды. Құжат қабылдаған мамандар бұны біле тұра, арнайы құжат рәсімдеп қасақана қылмысқа барған. Заң бұзушылыққа жол берген тұлғалар жауапқа тартылып, жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды. Қазір прокуратура Атырау қаласы бойынша жерді заңсыз беруге қатысты жіті тексеру жүргізіп жатыр.
“Қалалық әкімдіктің лауазымды тұлғалары аталған мән-жайға назар аудармай 2013 жылы қайтыс болған азаматың атына 2015 жылдың ақпан айындағы қаулымен жер учаскесін табыстауға жол берген. Аталған заң бұзушылық фактысы бойынша қала әкімінің атына заң бұзушылықты жою туралы ұсыныс енгізіліп, нәтижесінде жер учаскесін мемлекет қорына қайтару шаралары алынды”, – дейд қалалық прокуратураның, әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау бөлімінің прокуроры Ерлан Кәкиев.
Жіберіп алмаңыз:
Ақтөбелік жігіт кранмен көтеріліп, сүйіктісіне сезімін білдірді (видео)
Сотталушы рақымшылықтан бас тартты
Таразда жұма намазға жиналған жұрт жергілікті тәртіп сақшыларымен жанжалдасып қалды
Қазақтандық ару өзге елдің сектасына кіріп, туыстарын “мәйітжегіш” деп айыптаған