AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аттракционындағы әйелдің өлімі: Депутаттар шенеуніктерді жазалауды талап етті

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар барлық деңгейдегі аттракциондарға жүйелі тексеру керектігін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

қарағанды

"Қарағандыда екі баланың анасы "тарзанкадан" секіріп көз жұмды. Кеше бұқаралық ақпарат құралдарында аттракцион нұсқаушысы ұсталғаны хабарланды. Депутаттар демалыс әрі ойын-сауық саябақтарының, аттракциондардың техникалық жағдайына, балалар алаңдары қызметін бақылау мәселелері бойынша жүйелі шаралар қабылдау үшін бұған дейін бірнеше рет Үкіметке үндеу жасаған еді", - деді Артур Платонов премьер-министрдің орынбасары Романа Склярдың атына жолдаған сауалында.

Оның сөзінше, елде аттракциондардың маусым қарсаңында және жоспарлы тексерістерін өткізу тәртібі бақыланбайды. Тіпті, техникалық куәлік берілген жерде де олар тіркелмейді, ал аттракциондарды бақылайтын маман аттракцион иесінің немесе аттракционды пайдаланатын ұйымның бұйрығымен тағайындалады.

"Яғни іс жүзінде олар өз-өздерін тексереді", - деді мәжілісмен.

Платоновтың айтуынша, елде қанша аттракцион тіркелгені белгісіз.

"Аттракциондар есепке қойылуы тиіс. Алайда ел бойынша қанша нысан есепке қойылмаған? Регламентте тапсырылғандай, құрылған комиссиялар тарапынан қаншасы тексерілді? Аттракциондардың баршасына қажетті актілер жасалды ма? Құрылған нормативтік базаға қарамастан, елдегі жағдай өзгере қоймады. Осындай нысандарда балалар мен ересектер қайғылы жағдайға тап болып жатыр, яғни бұл тұрғыда жауапкершіліктің жоқ екенін көріп тұрмыз", - деді депутат.

Бұл тұрғыда депутаттар келесі ұсыныстарды айтты:

  • Барлық деңгейде жүйелі бақылауды қамтамасыз ету мыңызды. Бұл ретте балалар мен ерексектердің қауіпсіздігіне, жабдықтың сапасына жекелей жауапкершілікті бекіту;
  • Осы салада бақылауға жауап беретін шенеуніктерді жазаға тарту;
  • Әр өңір бойынша аттракциондарды лицензиялау туралы мәліметтерді беріп, әкімдік айқындаған нақты лауазым иелерін көрсету.

Еске сала кетсек, қарағандылық әйел биіктіктен роупджампингпен (жоғарыдан белге арқан байлап секіру – ред.) секіремін деп мерт болған болатын. 25 метр биіктіктен  секірген 33 жастағы әйел жерге құлап, ауыр жарақат алған. Жарақаттарының салдарынан ол ауруханада көз жұмған.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр