Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

30 метр биіктіктен құлады: Ер адам аттракционда тіреліп қалған әйелді құтқару үшін өз өмірін құрбан етті

АҚШ-тың Калифорния штатындағы қорықтың қызметкері биік аттракционда қалып қалған әйелді құтқару үшін өзінің өмірін құрбан етті. Бұл туралы Daily Mail басылымына сілтеме беріп Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады.

34 жастағы Хоакин Ромеро есімді ер азамат Паума алқабындағы Ла Джолла Индиан қорығындағы аттракционда жұмыс істеген. Ол келушілердің біріне қажетті сақтандыру жабдықтықтарын кигізіп, бекіткен. Алайда әйел осы кезде кенеттен арқанмен жылжып кеткен.

Ромеро әйелдің қауіпсіздік белдігін ұстап, оны тоқтатпақшы болған. Нәтижесінде әйел ер адамды өзімен бірге сүйреп әкеткен. Осылайша екі алам 30 метр биіктікте қалып қойған. Содан соң Ромеро екеуін бірдей арқан көтере алмайды деп санап, қорқып, әйелді жіберіп, өзі төменге құлап кеткен.


Әкесі дертке шалдыққан ұлына өзі дәрі жасап, аман алып қалды 


Ромеро биіктен құлау салдарынан әртүрлі жарақаттар алады. Өз өмірінің құнымен америкалық ер адам аттракцион келушісін құтқарып қалады.

Өрт сөндірушілер Ромероны арқандар арқылы көтеріп шыққан. Ол ауруханаға жеткізіліп, сол жерде қайтыс болды. Ал аттракционға келген әйел аман қалған.

Зиплайн атракционы көтере алатын максималды салмақ 113 килограмм болса, ал сырғанау үшін кем дегенде 29 килограмм болу керек.

Аттракцион басшылығы қызметкердің өліміне “жүректері жараланғанын” жеткізді. Олар полициямен бірлесіп, болған оқиғаға қатысты тергеу жүргізетінін атап өтті. Қорықта ұзындығы 90-нан 820 метрге дейінгі үш түрлі зиплайн бар. Оларға мінген кезде келушілер сағатына 88 шақырымға дейін жылдамдықта сырғанап өтеді.

Марқұмның отбасына материалдық көмек беру мақсатында қор ашылған. 

 

Талқылау