Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Аттың пілге қарсы күресі" позициясында ойнап, қарсыласымды алдаймын": Шахматтан қазақстандық әлем чемпионы атанған жеңісі туралы айтып берді

2024 жылдың 15 маусымында 20 жасқа дейінгі жас санатында шахматтан әлем чемпионы атанған Қазыбек Нөгербектің қатысуымен баспасөз отырысы өтті. Stan.kz тілшісі жас гроссмейстердің қалай жетістікке жеткенін және қандай тәжірибелі қарсыластaры болғанын сұрап келді.

Фото: KazChess баспасөз қызметі

Баспасөз конференциясын ашқан KazChess бірінші вице-президенті Дәрмен Сәдуақасов Қазыбек Нөгербектің әлем біріншілігіндегі жеңісін "Қазақстан шахматының даму тарихындағы жаңа кезеңі" деп атады.

"Ол біз үйреніп қалған қыздардың ғана емес, ерлер құрамасындағы ойыншылардың да жоғары жетістіктерін көрсетті. Бүгін біз осы қолдаудың нәтижелерінің бірін көре аламыз. Енді жаңа үлкен жеңісті ескере отырып, Қазыбек техникалық және қаржылық қолдауды, оның ішінде жаттықтырушымен сабақтарды қамтитын қолдау пакетін алтынға дейін жаңартуға лайықты. Жақын арада чемпионды қолдауды кеңейту іске асырылатын болады", – деді Дәрмен Сәдуақасов.

Дәрмен Сәдуақасовтың айтуынша, басты миссияларының бірі – біздің шахматшыларымызды қолдау және таланттарды анықтау.

Фото: KazChess баспасөз қызметі

“KazСhess өзінің бас серіктесі – Freedom Holding Corp. компаниясының көмегімен жас таланттарды қолдау бағдарламасын және құрама мүшелеріне гранттық қолдауды іске асырады. Жаңа чемпион көрсеткен жоғары әлеует пен нәтижелерді ескере отырып, екі жыл бұрын тәуелсіз комиссияның шешімімен ол KazChess гранттық қолдаудың қола пакетінің иегері атанған", –деді Дәрмен Сәдуақасов.

Гүлмира Дәулетова, KazChess атқарушы директоры мәлімдеме жасай отырып, чемпионды біртуар шешен, қазақтың басын біріктірген қоғам қайраткері қаз дауысты Қазыбек биге ұқсатып, қазақ еліміздің туын желбіретіп, ел намысын қорғағаны үшін чемпионды "21 ғасырдың Қазыбегі" деп атады.

Фотоны Stan.kz тілшісі түсірген

Гроссмейстер Қазыбек Нөгербек өзінің бұл жеткен жетістігіне әлі сене алмай отырғанын айтты.

"Бұл жетістігіме әлі сене алмай отырмын. Өте көп күш жұмсалды. Осы уақыт аралығында жанымнан табылған жаттықтырушым Ержан Шәкеновке, ата-анама алғысым шексіз. Егер ол кісілердің қолдауы болмағанда мұндай шыңды бағындырмас едім. Ержан ағай мені 6 жастан бастап шахматқа баулыды. Республикалық жарыстардан әлем чемпионатына дейінгі кезеңдерге дайындап келеді. Өзіме сенімсіз болған уақытта арқамнан демеп, алға жылжуыма көмектесті. Бұл менің ғана емес, бүкіл қазақ елінің жеңісі! Сіздерге көп рахмет! Мұнымен тоқтап қалмай, алдағы жарыстарға дайындаламын", – деді Қазыбек Нөгербек.

Әлем чемпионы шахматта позициялық және динамикалық ойын стратегияларын жақсы ойнайтынын айтады. Дегенмен позициялық сатыға көбірек назар аударытынын жеткізді. Конференция барысында көрермендердің бірі "Нағыз жігіт!" деп жарқын-жарқын үн қатты.

"Маған "аттың пілге қарсы күресі" позициясы өте қатты ұнайды. Ойындардың көбінде ат позициясында ойнап, қарсыласымды алдап түсіруге тырысамын", – деді Қазыбек Нөгербек. 

Бұдан кейін шахматшының жаттықтырушысы Ержан Шәкенов сөз алып, оның бұл турнирде көп күш салғанын ерекше атап өтті.

Фото: KazChess баспасөз қызметі

"Қазыбек бұл жарысқа 100% жанын салып, күндіз-түні дисциплинаны сақтаудың арқасында осындай жеңіске жетіп отыр. Таңғы сағат 09:00-ден түнгі сағат 00:00-ге дейін арнайы режимді қадағалады. Мысалы, жарыс басталмай тұрып 3 cағат бұрын миды жаттықтыру үшін шахмат позицияларын ойнайды. Турнирге дейін 1 сағат миды тынықтырып, кейін 5 сағаттық ойынға барады. Ал ойыннан кейін физикалық жаттығулар жасап, соның ішінде суға жүзіп, қонақүй маңында жүгірді. Ал оның қандай позицияда ойнағанды ұнататынына келсек, ол бала кезінен гипербелсенді болғандықтан динамикалық ойынды көбірек ойнайтын. Кейін өсе келе, позициялық шахматқа зейіні арта түсті. Қазір ол әмбебат шахматшы", – деп қосты жаттықтырушы Ержан Шәкенов.

Қазыбекпен 10 жылдан астам жұмыс тәжірибесімен ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ержан Шакенов бөлісті, ол өз шәкіртінің ең мықты қасиеті шахматқа деген шынайы сүйіспеншілік және үнемі кемелдікке ұмтылу екенін атап өтті.

Фото: KazChess баспасөз қызметі

Әлем чемпионатында жеңіске жеткізген Мамикон Гарибянмен болған партияны еске алып, Қазыбек армян гроссмейстерімен бұрын кездескенін, содан кейін тең нәтижемен бірдей позиция шыққанын атап өтті. Шамасы, қара түспен ойнаған турнир көшбасшысы осыған сенді. Тең ойын 4 орынға түсіріп тастаған Қазыбек белсенді ат қолдаған өтетін пешкалардың есебінен қарсыласын жеңе алды.      

Қазыбек өзінің алғашқы жаттықтырушысы Жансагимов Алмас пен қазіргі бапкері Ержан Шәкеновке алғысын білдіріп, сабақтары Үндістанда жеңіске жетуге көмектескен жаттықтырушыларды – гроссмейстерлер Владислав Ткачев, Александр Онищук және Антон Коробовты қосымша атап өтті. 

Айта кетейік, 2024 жылғы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты (FIDE World Junior Chess Championships 2024) 2-13 маусым аралығында Үндістанның Гандинагар қаласында (Гуджарат штаты) өтіп, тек 123 қатысушы, оның ішінде 13 гроссмейстер мен 27 халықаралық шеберді жинады.

Қазыбек Нөгербек (2502), Қазақстан құрамасының мүшесі және KazChess/Қазақстан шахмат Федерациясынан гранттық қолдау алушы 11 турда 8½ ұпай жинап, үлкен кубокпен және алтын медальмен бірге әлем чемпионы атағы үшін үміткерлер турниріне іріктеудің бір бөлігі – әлем кубогына жолдама алып, 1 орынды иеленді. Дәл осындай нәтижемен бірақ "қысқартылған Бухгольц" деп аталатын чемпионнан кейінгі екінші орында Армениядан келген гроссмейстер Эмин Оганян (2501) болды. Сербиялық гроссмейстер Лука Будисавлевич (2468) – 8 ұпаймен мәреге үшінші болып жетті.

"Мен Қазыбекті әлем чемпионатындағы жеңісімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл жарқын және маңызды жеңіс қазақстандық шахмат мектебінің шежіресінде маңызды орын алады. Ол шахматты дамытуда біз таңдаған курстың дұрыстығын тағы да дәлелдеді. Чемпион жаттықтырушыларына алғыс айтамын!" – деп KazChess және Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов чемпионға құттықтау жолдады. 

Мұндай жоғары жетістікке біздің шахматшыларымыздың үшеуі ғана қол жеткізгенін атап өткен жөн. Олар Дәрмен Сәдуақасов (1998), Динара Сәдуақасова (2016) және Жансая Әбдумәлік (2017).

Сонымен қатар 2022 жылғы әлем чемпионатының 18 жасқа дейінгі күміс жүлдегері ресми түрде Халықаралық шебер болып саналып, күреске кірісті. Алайда, турнир барысында ФИДЕ Президенттік кеңесінің кезекті отырысында ол гроссмейстер атағымен бекітілгені белгілі болды.

Қыздар арасында 10 ұпай жинаған жарыс иесі Дивья Дешмух (2456) чемпион атанды. Жарты ұпайға артта қалып, 2022 жылғы әлем чемпионы 18 жасқа дейін Армениядан келген Мариам Мкртчян (2300) екінші орынды иеленді. 8½ және үшінші орын Әзірбайжаннан келген Аян Аллахвердиеваға (2133) бұйырды.

Еске салайық, 14 маусымда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістанның Гандинагар қаласында өткен халықаралық жарыста әлем чемпионы атанған Қазыбек Нөгербекке құттықтау жеделхатын жолдағанын жазған едік.
Президенттің айтуынша, ел намысын қорғап, үздік шахматшы ретінде гроссмейстер дәрежесін иеленіп, жеңімпаз атану – зор жетістік. Қасым-Жомарт Тоқаев ұлтымыздың абыройын асқақтататын Қазыбек Нөгербек сияқты алғыр да ақылды ұрпақтың өсіп келе жатқаны қуантататынын айтты. Алдағы уақытта да жарқын жеңістерге және арман-мақсаттарыңа жете беруіңе тілектеспін деді ел басшысы.

Фотоны Stan.kz тілшісі түсірген

Іс-шара соңында әлем чемпионы Қазыбек Нөгербекпен, әсіресе, шетелден келген үндістандық және индонезиялық жас жанкүйерлері фотоға түсіп, қолтаңбасын алды.

Талқылау