Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Аттарын сұрап, көлікке отыруды ұсынған”: Астанада полицейлер қызға тиісті деп айыпталды (видео)

Әлеуметтік желіде полицейлердің көшеде кетіп бара жатқан қызға “жеткізіп тастайық” деп қызмет көлігіне мінуді ұсынған видеосы пайда болды. Полиция департаменті видеоға қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото видеодан алынды

Желі қолданушылары тәртіп сақшыларын қызға тиісті деп айыптады.

“Астана қаласының полицейлері жолда кетіп бара жатқан қыздардың атын сұрап, көлікке отыруларын ұсынған. Бұл қаншалықты дұрыс? Полиция бізді қорғаудың орнына өздері тәртіпсіздікке жол береді”, – делінген жазбада.

Астана полиция департаменті видеодағы жағдайды түсіндірді.

"Полиция қызметкерлері көлік жүретін жолдың бойында, жолсыз жерде кетіп бара жатқан қызды көріп, көмек қажет пе деп сұраған. Қажет болған жағдайда, көлікпен тиісті жерге дейін жеткізіп тастайтындарын айтқан. Қыз ұсыныстан бас тартқан. Артынша патрульдік бригада аумақты патрульдеуді жалғастырды", – деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске салсақ, осыған дейін Павлодар облысында полицей қызметтік қарумен өз басына оқ атқан. 

Талқылау