"Аттап кетіңдер". Диана Скатова тұрмысқа шықпаған қыздарға кеңес берді
"Qoslike" бағдарламасының жүргізушісі Диана Скатоваға оқырмандары көкейде жүрген сұрақтарын қойды. Желі қолданушылардың бірі түрлі өмірлік жағдаяттарды келтіріп, алып қашу дәстүрі туралы тележүргізушінің пікірін сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

©instagram.com/diana_skatova
“Қызды алып қашып кеткенде, қалғысы келмей, босағада жатқан әжеден аттап кеткені дұрыс па?” деген сұраққа Диана: “Аттап кетіңіздер! Сосын алып қашқан адамның үстінен арыз жазыңыздар! Адам тағдырын босағадағы апаға емес, Аллаға сеніп тапсыру керек”, – деп жауап берді.
Тележүргізуші қарым-қарынаста жолы болмай жүрген жас қыздарға кеңес берді.
“Бір жігітпен танысқанмын. Бірақ жоқ болып кетіп, қайта қайтып келеді. Не істесе болады?” – деген бойжеткеннің сауалы жауапсыз қалмады.
“Инструкция келесідей: ол жігітті жан-жақтан қара тізімге саласыз, өзіңізді бағалауды үйренесіз де, келесіде пайда болғанда оны пысқырмайсыз. Содан кейін жаңа таныстықтарға ашық боласыз”, – деп жауап берді тележүргізуші.

"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген