Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атышулы маңғыстаулық блогер сусабын сатып, ұтыс ойнатқаны үшін айыппұл арқалады

Салтанат Аманқосова заңсыз ұтыс ұйымдастырғаны үшін айыппұ арқаладыФото: instagram.com/saltanat.a.e.official

Танымал маңғыстаулық блогер сусабын сатып, пәтер мен көлік ұтысын өткізгені үшін үлкен сомада айыппұл арқалады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Saltanat.a.e.official лақап атымен танымал блогер сусабын сатып алғандардың арасында пәтер, екі көлік және гаджеттер ұтысқа қойылған ойынды өткізгеннен кейін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, 23 қаңтарда оған 1 179 600 теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұл – лотереялар туралы заңнаманы бұзу фактісі.

Бұған дейін блогер жазылушыларға сусабын сатып алуды ұсынып, алғандарды “сәттілік барабанына” қатыстыруға уәде берген. Онда сыйлық ретінде пәтер, екі көлік, техника және сыйлық жиынтықтары қарастырылған.

Айта кетейік, заң бойынша Қазақстанда лотереяларды тек лотерея операторы немесе оның ресми дистрибьюторлары жүргізе алады. 


Ақтаулық атышулы блогер екінші рет ана болды

Қазақстандық блогер ұтыс ойнату кезінде алаяқтық жасады деген күдікке ілінді


Бұған қарамастан, блогер парақшасында “уәде етілген екі көлік пен пәтердің” 11 сәуірде ойнатылатынын айтқан.

 

Еске салайық, бұған дейін блогер Жанәбіловтер отбасы ұйымдастырған 10 көлік ұтысы дау туғызғанын жазған едік. Қаржы мониторингі агенттігі ұтыс заңдылығын тексеруге кірісіп, материалдар туризм министрлігінің "Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитетіне" жолданды. Артынша, туризм және спорт министрлігі Instagram әлеуметтік желісіндегі "Zhanabylov_e" және "elt6i" аккаунттарында өткізілген бағалы сыйлықтарды ұтысқа салуға қатысты мәлімдеме жасаған еді.

Балнұр Рахматуллақызы
Бейсенбі, 26 Наурыз, 2026 17:50