Атышулы Қуат Хамитов Мәскеудегі жеңісінен кейін ән шырқады

Қазақстандық танымал аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов Мәскеуде өткен ACBJJ 20 турнирінде жеңіске жетті. Жекпе-жектен кейін ол жанкүйерлеріне арнап "Елім менің" әнін орындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
ММА жұлдызы Қуат Хамитов ресейлік Рашид Магомедовті төрешілер шешімімен жеңді.
Жекпе-жектен соң сөз сөйлеген спортшы қазақ халқына алғыс білдіріп, спорттың басты мақсаты – халықтарды жақындастыру екенін атап өтті.
Айта кетейік, жуырда Қуат Хамитов Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен ACA 194 турнирінде де ресейлік қарсыласын жеңіп, жарқын жеңіске қол жеткізген еді. Бұған дейін ол кәсіпқой бокста бір ғана кездесу өткізіп, 2024 жылдың қыркүйегінде Нұрберген Шәріповті төрешілер шешімімен ұтқан.
Сонымен қатар Қуат Хамитов отандық ММА жауынгері Еркебұлан Тоқтарға ашық түрде жекпе-жек өткізуді ұсынды. Алайда қос спортшының нақты қашан кездесетіні әзірге белгісіз.
Алматыда оқу ақысы 5 миллион теңге болатын элиталық мектепте оқушыларға шикі тамақ берілген
Асхана тамағынан кейін балаларға асқазан-ішек жолдарының функциялық бұзылуы сияқты диагноздар қойылған
Қазақстанда көпбалалы әйелдерге 8 наурызға орай 43 мың теңгеге дейін біржолғы төлем беріледі
Ал қалған 8 аймақта көпбалалы аналарға ақшалай төлем берілмейді екен

