Атыраулық шахматшы Dior сән үйінің моделі атанды
Фото: Төрежен Сейдолланың желідегі парақшасынан
17 жастағы Төрежан Сейдолла Париждегі Ерлер сән апталығына қатысып, аты аңызға айналған Dior брендін таныстырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Онымен әлемдегі ең ірі модельдік агенттіктердің бірі IMG Models келісімшартқа отырды. Дегенмен сән әлеміндегі жетістіктеріне қарамастан, жас қазақстандық шахматтан қол үзген жоқ.
Қаңтар айында үшінші разрядты, ал ақпанда екінші разрядты орындаған. Бос уақыты болған сәтте, шахмат тақтасына қайта оралуды жоспарлап жүр.
Айта кетейік, Сейдолла бір ғана Dior-мен емес, әлемдегі ең ірі халықаралық модельдік агенттіктердің бірімен де келісімшартқа отырған.
Ламин Ямаль туған күніне қатысқан сұлу қыздарға миллиондап ақша төлеген
"Мисс Қазақстан" байқауына трансгендерлер мен plus size бойжеткендер де қатыса алады
Еске салайық, бұған дейін қазақстандық жігіт автобуста әжейден таяқ жеген соң модельге айналғанын жаздық. Көкшетаулық жігіттің автобуста бейтаныс әжеден таяқ жеген видеосы көпшілік арасында кеңінен тарады. Осы видеодан кейін ол модельге айналып, әлемдік агенттіктен ұсыныс алған. Енді ол Еуропада өтетін сән әпталығына қатыспақ.

"Отаға 33 миллион теңге қажет": Қазақстандық әйел босану кезінде дәрігерлер кесар тілігін жасап, қуығын тесіп жіберді деп айыптады
