Атыраудың іргесіндегі 5 жыл бұрынғы мемлекеттен берілген үйлер қирап қалған: Өңір басшысы тексеріс жүргізілетінін айтты
Фото: Stan.kz / ЖИ көмегімен жасалған
Атыраудың іргесіндегі Талғайран-2 ауылында "халық үшін салынып жатыр" деп шенеуніктер таныстырған тұрғын үйлерді тұрғындар көз алдымызда қирап жатыр деп шағымданып жатыр. Облыс әкімі Серік Шәпкенов бұл мәселе өзінің жеке бақылауында екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Құрылыс 2019 жылы басталып, бірнеше мердігер компания бір мезетте жұмыс жүргізген. 2020 жылы үйлер пайдалануға берілген. Алайда бүгінде осы баспаналарға ипотека төлеп отырған жаңа қоныстанушылар түрлі бейнежазбалар жариялап жатыр. Қабырғаларда жарық пайда болып, іргетас сөгіліп, сылақ қалың қардай үгітіліп түсуде. Кей үйлерде жарықтар еденнен төбеге дейін созылып кеткенін де көруге болады. Үйлерге кеткен құрылыс материиалдарын үнемделген бе деген күдік туады. Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметінше, құрылысқа беделді компаниялар қатарында ірі атыраулық "БатысАльянсСтрой" фирмасы да қатысқан, оны кей басылымдар Мәжіліс депутаты Әділ Жұбановпен байланыстырады. Журналист осы жайттан хабардарсыз ба, қандай шара қабылданды деп сұрады.
"Мен хабардармын, ол тұрғындармен кездестім. Ол жерде көп мәселе бар. Біріншіден, жарықшақтар пайда болған соң салу технолоргиясы сақталды ма деген сұрақ туындайды. Екіншіден, салған құрылысшы, мердігер жоба бойынша салдым дейді, жобаны салушылар менікі дұрыс дейді. Сөйтіп айналып келгенде былтырғы су тасқының кесірі ме әлде жерасты суларының өзгерісі ме деген деген сұрақ туындайды. Бұл жерде мәселе бір үйде ғана емес, бірнеше үйде бар. Бұған қатысты "ҚазҚСҒЗИ" АҚ деген ұйым бар. Олар келіп, екі тексеріс жүргізеді. Бірінші жерасты суларына, геологиясына қатысты, екіншісі құрылыс метериалдарына және жобаға қатысты тексереді. Содан кейін тұрғындармен бірлесіп шешім қабылдаймыз. Тұрғындар несие төлеп отырғандықтан, шешім қабылдағанда осыны ескереміз", - деді облысы әкімі.
Астанадағы қасбеті құлаған тұрғын үйге кім жауапты болған
Айта кетейік, бұған дейін Атырауда небәрі 5 жыл бұрын пайдалануға берілген үй құлап жатқаны туралы жазған едік.
Алматы әкімдігі тұрғындардың наразылығын тудырған эстакадаға қатысты суретке түсініктеме берді